48
4.
Еркін
диктант
мәтінді
жазу
барысында
білім
алушылар
жекелеген сөздерді ауыстыра алады,
сөйлемнің
құрылымын
өзгерте
алады.
Мәтін әуелі тұтас оқылады,
сонан соң бөліктері бойынша (3-4
сөйлем); әрбір бөлігі қайталап
оқығаннан кейін жазылады. Білім
алушылар мәтіннің әр бөлігін есте
сақтау арқылы жазады. Бұл жұмыс
түрі білім алушыларды мазмұндама
жазуға дағдыландырады.
-
сөздерді
мағынасы жағынан таңдай
біледі/алмастыра алады;
- мәтіннің бөлігі бойынша есте сақтай
отырып, жаза біледі;
- сөздерді жазу кезінде орфографиялық
ережелерді қолданады;
-
оқылған материал бойынша тыныс
белгілерін қоя біледі.
5.
Көру диктанты
Бұл
диктант
түрі
білім
алушылардың көру, есту, есте
сақтау,
затты
тану
сияқты
қабілеттерін
дамыту мақсатында
жүргізіледі. Көру диктанты үшін
әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ
жазылуы қиын сөздер мен сөз
тіркестері және шағын мәтіндер,
жұмбақтар,
мақалдар,
жаттауға
берілген өлеңдерді алуға болады.
- есте сақтау арқылы мәтін жаза біледі;
- емлені жазу
кезінде ережелерді қолдана
біледі;
-
оқылған материал бойынша тыныс
белгілерін қояды;
- жазылған мәтін үлгісі бойынша тексереді.
6.
Суретті
диктант
(дыбыссыз
диктант) – мұғалімі үнсіз пәндік
суретті көрсетеді, білім алушылар
заттың атауын жазады.
- суреттегі бейнені сөздермен сәйкестендіре
біледі;
- бейнеленген суретті
сөздермен жаза біледі;
- емлені жазу барысында ережелерді қолдана
біледі.
7.
Іріктеу диктанты –
есту немесе
көру диктантының түрі. Бүкіл
мәтінді жазу емес, тек қана оқылған
ережелер
орфограммасы
бар
сөздерді,
сөз
тіркестерін,
сөйлемдерді жазғызу. Қосымша
тапсырма қоса жүруі мүмкін.
- оқылған орфограммалары бар сөздерді
таңдай біледі;
- сөзді жазу кезінде орфографиялық ережені
қолдана біледі.
8.
Шығармашылық
диктант
—
үйрету
диктанттарының
ішінде
мазмұн,
құрылым,
әдіс-тәсіл
жағынан
ең
күрделісі,
білім
алушылардың
ойлау
қабілетін,
сөздік қорын,
білім деңгейі мен
өздігінен
жұмыс
істеудегі
шеберліктерін арттыру көрсеткіші.
Бұл диктанттың көп нүктенің
орнына
тиісті
әріптерді
қою,
сөздерді дұрыс орналастыру арқылы
сөйлем құрау, басы жазылған
мәтінді
аяқтау
сияқты
басқа
диктанттарға
ұқсамайтын
өзгешеліктері болады.
- белгілі бір сөзді немесе грамматикалық
нысанды таңдай біледі;
- сөздерді жазу кезінде орфографиялық
ережені қолдана алады.
9.
Дұрыс құралмаған сөйлемдерден
байланысқан мәтін құрау
- дұрыс
құралмаған сөйлемдерден
мәтін
құрай алады;
49
- мәтін құрылымын сақтайды;
- құралған мәтінді қатесіз көшіре алады.
10.
Қысқартулармен көшіру
- сөйлемнің жеңілдетілген түрін жаза алады;
- сөзді жазу кезінде емле ережелерін
қолданады.
11.
Сөздерді қосу арқылы сөйлемдерді
көшіру
- сөздерді қосу арқылы сөйлемдерді жаза
алады;
- сөйлемдерді жазу кезінде емле ережелерін
қолданады.
12.
Мазмұндама
- мазмұндау кезінде ойды өзгертпей сақтай
біледі;
- орфографиялық нормаларды сақтайды.
13.
Шығарма
-
жоспар
құра алады;
-
ой бірізділігін сақтай біледі;
-
орфографиялық нормаларды сақтай біледі.
«Қазақ тілі» пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
саны көрсетілген (4-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: