А. Құнанбаев. «Жүректе қайрат болмаса». Өлеңнің тақырыптық-
мазмұндық сипаты. Адамның адамдық, ғұламалық, кісілік қасиеттері. Өлеңдегі
жан мен тән. Екеуінің азығы екі бөлек екендігі. Адамдық парыз. Надандықпен
күрес. Өлеңнің тәрбиелік мәні, бүгінгі өмірмен байланысы.
(1
сағат.)
А.Құнанбаев «Ата-анаға көз қуаныш». Абайдың Ақылбайға арнап
жазған өлеңі. Баланың жақсы және келеңсіз қасиеттері. Ата-ананың балаға
артқан үміті. «Сүйер ұлың болса, сен сүй, Сүйінерге жарар ол» даналығының
мәні. Бала тәрбиелеудегі өлеңнің маңызы.
(1
сағат.)