Абайдың «Алтыншы, он бірінші қарасөздері». Қарасөздердің
тақырыптық-идеялық сипаты. «Өнер
алды-бірлік, ырыс алды-тірлік»
мақаланың мәні.Қарасөздегі еңбекқорлық, адалдық, білім мәселелерінің
көтерілуі. Ар-намыс, ожданды сатуды сынауы. Жақсы өмір сүрудің жолы.
Қарасөздің салауатты өмір салтын ұстанудағы орны.
(2
сағат.)
А. Құнанбаев «Интернатта оқып жүр». Өлеңнің тақырыптық-
мазмұндық сипаты. Ақынның ағартушылық көзқарасы. Жас шәкірттерге
аманаты. Өлеңдегі жастарды оқуға тарту, адамгершілік, рухани қазынаны
байыту мәселелері.
(1
сағат.)
А. Құнанбаев «Көлеңке басын ұзартып». Өлеңде ақынның адам көңіл-
күйін суреттеу шеберлігі. Ақынның тыңдаушысын таппай, қапаланған
шағындағы сезім-толғанысы, философиялық ой түйіні. Өлеңнің бала
тәрбиесіндегі маңызы, бүгінгі күндегі өзектілігі.
(1
сағат.)
А. Құнанбаев «Базарға қарап тұрсам, әркім барар». Ақынның өмір
және оның мәні туралы қысқа толғанысы. Базар деп отырғаны – өмір. Өмір-
үлкен базар. Мағынасыз өмір, ғылым, білімше ұмтылу, саналылыққа шақыру.
Өлеңдегі жасырын ой. Бүгінгі өмірмен байланыстыру.
(1
сағат.)