ІІ бөлім. Өлсе өлер табиғат, адам өлмес (8 сағат) А. Құнанбаев «Жаз» өлеңі. Өледі оқу, талдау. Халық поэзиясында
бұрыннан бар жыр үлгісінде жазылуы. Өлеңнің идеялық-эстетикалық сипаты.
Абай лирикаларында табиғаттың сұлу да дархан көрінісінің жанды тіршілікпен,
ақын, сезімімен астасып берілуі. «Табиғат өлсе де, нағыз Адам өлмек емес».
Адамды сүю - өмір сүріп жатқан орта табиғаттың, оның сұлулығын сүю деген
сөз. Табиғат сұлулығын жырлай отырып, нағыз адам, толық адам өзі өмір сүріп
отырған айналаны аяласын, қадірлесін деген ой тастауы. Жаздағы мамыражай
көріністің адам өмірімен, қарапайым халық тіршілігімен байланыстыра
суреттелуі, жанды картина, ақынның жыл мезгілдерін суреттеудегі суреткерлік
шеберлігі. Экологиялық мәселелер, өлеңнің бүгінгі күнмен байланысы. (1 сағат)