А. Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі.
Өлеңді оқу, талдау.
Сезім мен табиғат көріністерін астастырып берудегі ақын шеберлігі. Қазақ
тіршілігінің суреттелуі. Ақын поэтикасының сұлулығы, үйлесім, гармония.
Жанды және жансыз табиғат, тіршілік лүпілі. Адам сезімінің терең сыры.
Өлеңді әнмен үйлестіру. Ақын көрсеткен сезімді, сұлулықты сезіну. Өлеңнің
өзіндік ерекшелігі, тәрбиелік мәні, поэтикалық тілі. Өнер, табиғат, сезімді
бағалауға, сүюге тәрбиелеу.
(1
сағат)
А. Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» өлеңі.
Өлеңді
оқу, талдау. Көтерілген басты мәселе. Өлеңдегі тақырыптың жан-жақтылығы.
Абайдың ән мен күй, өнер құдіреті, жақсы әннің эстетикалық мәні туралы
толғанысы. Ақынның әнге қояр шарты, сын. Ақылдың сөзіндей өнерді іздеу.
Тыңдаушыға сын. Жарамды ән тыңдауға шақыру. Абайдың ірі суретші,
ойшылдығы, ақындығының кең құлаштығы. Ақынның өз халқының әнін өзгеше
ыстық көңілмен сүйетіндігі. Әннің адам жанына әсері, емі. Абайдың халықтық
музыка өнеріне берген аса зор бағасы, халық әнінің эстетикалық көркем жағы,
әлеуметтік мәні. Өлеңді әнмен үйлестіру. Әннің әуен- сазы халық сарынында
қалыптасуы. Абай әндерінің мазмұны, халық арасына таралуы.
(1
сағат)
Достарыңызбен бөлісу: |