Шығармашылық жұмыс.
Тарау бойынша оқушылардың алған
білімдері негізінде шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру. Абай көзқарасы
негізінде өнерге, әнге қойылатын талаптар негізінде сызба, постер қорғау.
Абайдың
ақындық
үлгісімен
жазылған
қазіргі
ақын-жазушылар
шығармашылығын зерттеу. Қазіргі поэзия мен ән өнеріне байланысты
оқушылардың шығармашылық жұмыстарын (эссе, кіші зерттеу жұмыстары,
мақала, баяндама) жүргізу. Абайға арнап жас ұрпақтың атынан хат жаздыру.
Оқушыларды өлең жазуға баулу. Абай шығармашылығынан сахналық
қойылымдар.
(1
сағат)
Қорытынды.
Жыл көлемінде оқытылған «Абайды білмек парыз», «Өлсе
өлер табиғат, адам өлмес», «Ғылым оқып, ой тапқан», «Көңіл құсы құйқылжыр
шартарапқа» тараулары бойынша әдеби-музыкалық кеш, композиция, монтаж
тағы басқа да іс-шаралар ұйымдастыру. Оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамытуға назар аудару.
(1
сағат)
|