Курс бойынша оқу бағдарламасының мазмұны
І бөлім. Жақсылық - жан азығы (8 сағат)
Әке балаға сыншы (М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы,
«Шытырманда» тарауы).
М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы,
«Шытырманда» тарауының идеялық мазмұны. Абайдың әкесінің ерекшелігі,
аға сұлтан, қоғам қайраткері ретінде Құнанбайдың орны.
Тараудағы Абайдың
өсу жолы. Құнанбайдың да баспалдақтары. Абайды қоғамдық іске араласуы,
Құнабайдың ықпалы, әке сыны. Абайдың азаматтық болмысының қалыптасуы
(2
сағат.)
Абай және Ж. Аймауытов.
Қазақ әдебиетінде «Абайтану» ғылымының
көшбастаушыларының бірі -Ж.Аймауытовтың Абай жайындағы зерттеу-
мақалалары, «Абай» журналының баспасөз тарихындағы маңыздылығы,
Жүсіпбектің «Абайдың өнері һәм қызметі» және «Абайдан соңғы ақындар»
атты мақалаларындағы ақын өмірі мен шығармашылық өнерінің тереңдей
талдануы.
(1
сағат.)
Достарыңызбен бөлісу: