Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады


№12 Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек басынан өткен жайлар



Pdf көрінісі
бет12/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50

№12 Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек басынан өткен жайлар 
бүкіл халықтық трагедияның көрінісі екенін дәлелдеп жазыңыз.
Қазақ жазушыларының арасында елеулі орын алатын Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан 
небір кереметтей дүниелер туған. Соның бірі де бірегейі, өзіңді баурап алатын оқиға 
көркемдігінің бәрі де өмірден алынған туындысы – «Ақбілек» романы. 
«Ақбілек» романы – қазақ аулындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен 
тұрмысын, жекелеген адамдардың іс – әрекеті мен қарым – қатынасын, әсіресе, негізгі 
кейіпкер – Ақбілектей батыр қыздың қуанышынан қасіреті мол өмір жолы жайында мұң мен 
шер, толғанысы мол сыр да толғайтын туынды. Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры 
негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеріске ұшыраған кезін 
суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі десе болады. Сонымен қатар халқымыздың 
өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысып, ел мен жер, келешек 
күндерге деген үміті мен сенімі серпінмен шабытты, көркем кестеленген. Кейіпкерлердің 
мінезі мен келбеті, іс әрекеттері нанымды жеткізілген. Ал осы қазақ ауылының басынан 
өткен жайлар Ақбілек басынан өткен жайлармен қандай байланысы бар? Бұл бүкіл 
халықтық трагедияның көрінісі бола ала ма? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік. 
Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір тірлігі, ақ гвардияшылар әрекеті кең 
көрініс береді. Негізінен романда көрсетілген басты мәселе қазақ қызының күрделі тағдыры 
мен әйел теңсіздігі арқылы сол кездегі халық тағдырын айқын жеткізуде жатқандай.
Менің ойымша, Ақбілектің басынан өткен жайлардың барлығы да бүкіл халықьық 
трагедияның бір ұшқынындай. Себебі, қызды ақ солдаттардың алып қашуы, оны қара мұрт 
офицердің ойына келгенін жасауы бір қыздың ғана емес, бүкіл елдің ұлттық намысына 
тиетін ауыртпалық. Қыздың бостандыққа ұмтылғанымен, кейін ел бетін көре алмай 
қиналуы, туған әкесінің Ақбілектен жиіркенуі, атастырған әрі сүйген жігітінің айнып қалуы, 
ел жұртының біртүрлі аяушылықпен қарауы бәрі де қызын алақанында аялап өсірген қазаққа 
өлімнен де ауыр жаза. Оның үстіне орысты «кәпір» деп қарайтын ұғым бар. Сол «кәпірдің» 
қолына түсіп, соған қатын болған деген сөз ауырлата түседі. «Кәпірмен» шатасу діннен безу, 
арам әрі адал атқа сызат түсіретін нәрсе еді. Ал бұдан құтылатын тек бір жол бар, ол жаңа 
заман өзгерістері легіне ілесіп, білім іздеп, оқу. Ақбілек осыны пайдаланып, қалаға барып, 
адам болып, өткеннің қалдығын өткенге қалдырып, көзі ашылады, өзінің бақытын таба 
алады. 
Қорыта келе, бұл шығарма арқылы Жүсіпбек роман арқылы, бір қыздың тағдыры арқылы 
сол кездеге халық тағдырын жеткізгендей. Қыз басына түскен ауыртпалықты қазақ басына 
түскен қиыншылық ретінде суреттеп, содан құтылудың жолы жарық сәулеге ұмтылып, білім 
алу деп бізге жеткізгендей.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет