ІІ.
Кеңес үкіметі құрылған кезең
1920 жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты
төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
•
1920 жылы Қазақ АССР-і Кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде
республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін
қолдануда тең құқылы деген шешім қабылданды.
•
Қазақ АССР Халық комиссарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда
жарық көрген «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ және
орыс тілдерін қолдану туралы» Декреті;
•
Қазақ АССР ОАК-нің 1923 жылғы 22 қарашадағы «Қазақ тілінде
ісқағаздарын жүргізуді ендіру туралы» Декреті;
•
Қазақ АССР ОАК Президиумының 1923 жылғы «Қазақ тілінде
ісқағаздарын енгізу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту
туралы» Қаулысы;
•
Қазақ АССР Юстиция Халық комиссариатының 1923 жылғы
11 маусымдағы «Сот-тергеу органдарының халық соттары мен халық
тергеушілерінің қазақ тілінде іс жүргізуді ендіруге байланысты» нұсқау
хаты.
•
1924 жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Конституциясы
бойынша қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік тіл болып
танылған.
•
Қазақ АССР ХКК-нің 1924 жылғы 23 сәуірдегі өлкелік мекемелерді
қазақ тіліндегі жазу машинкасымен қамтамасыз ету жөніндегі өкімі;
•
Қазақ АССР Еңбек Халық Комиссариатының 1924 жылғы
21 маусымдағы «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізуге байланысты
қызметкерлерді жұмыстан босату және оларды қазақ тілінде сөйлеп, жаза
алатын қызметкерлермен алмастырудың тәртібі жөніндегі» Қаулысы;
•
Қазақ АССР ОАК-нің 1927 жылғы 17 мамырдағы «Қазақ уездері
мен өлкелік мекемелердің қазақ тілінде ісқағаздарын жүргізуге көшірудің
соңғы мерзімін белгілеу туралы» Қаулысы;
•
Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатының 1930 жылғы 3
қаңтардағы Барлық өлкелік халыққа білім беру бөлімдеріндегі орыс
мектептерінде қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі нұсқау хаты;
•
1934 жылғы Орталық Атқару Комитетінің «Қазақ мектептерде
қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі» Қаулысы және т.б. құжаттар.
Достарыңызбен бөлісу: |