149
Орынғазы Әбутәліп
,
2-үлгі
№17 М.Мақатаев атындағы орта мектеп
Алматы қаласы,
А.Байтұрсынов көшесі, 55 үй
Тел. 2-35-39-62
Факс. 2-35-45-12
09.11.2010. №25
Алматы қаласының орталық
емханасының бас дәрігері
Б.Кенжебековке
Медициналық тексерістен өткізу туралы
ӨТІНІШ ХАТ
Құрметті Бақыт Ерболатұлы!
Сізден М.Мақатаев атындағы орта мектептің мұғалімдері мен қызметкер-
лерін кезекті медициналық тексерістен өткізуді ұйымдастыруыңызды
өтінемін.
Мектеп директоры:
( қолы )
Б.Садықов
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Өтініш хат қандай құжат?
2. Ол қандай жағдайда жазылады?
3. Өтініш хаттың қандай бөліктері бар?
1-жаттығу.
Сөйлемді дұрыс құрастырыңыз.
1.өтініп сұраймын / болғандықтан / аса қажет.
2. шешілуіне / дұрыс / ықпал етсеңіз / осы мәселенің.
3. талабыңызды / сіздің / алмаймыз / өкінішке орай / қанағаттандыра.
4. аталған / мүмкіншілігі / орындауға / қазір / тапсырманы / мекеменің
/ жоқ.
5. бере / орай / қажетті / сізге / өкінішке / ақпаратты / алмаймыз.
6. сұраймыз / қарастыруыңызды / мүмкіндікті / бар.
7. алған / жойылды / кемшіліктер / орын.