6. Анықтама беруші адамның қолы.
Бұл мәлімет анықтаманың
жарамдылық мерзімінен кейін жаңа жолдан 2 см-дей орын қалдырылып
барып жазылады. Анықтама беруші тұлғаның лауазымы жазылады, қолы
қойылады және аты-жөні жазылады. Мысалы,
Қазақ филологиясы
факультетінің деканы _______________ Т. Сағымбеков
(қолы)
Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады.
Егер анықтама жоғары тұрған ұйымға берілсе, онда ол арнайы бланк-
те дайындалып, оған ұйым жетекшісі қол қояды.
2. Қызметтік анықтама
Қызметтік анықтамалар бекітілген комиссия мүшелері жүргізген
қандай да бір тексерудің жиынтық нәтижесінен тұрады:
•
Белгілі бір мекемедегі материалдардың болуы туралы анықтама.
•
ЖОО ішкі бақылау комиссиясының анықтамасы.
•
Белгілі бір мекемелердегі, ұйымдардағы немесе олардың
бөлімшелеріндегі жұмыс түрлерін тексеріп қорытындылау, бағалау
мақсатында да жазылған анықтама т.б.
Осындай анықтамалар арқылы белгілі бір өкілдігі бар адамдар тобы
тексерілген істер бойынша (мысалы, оқу орнының оқу-тәрбие жұмысын
тексеру, өндіріс орындарының міндеттемелерін орындау жөніндегі
іс-шараларын тексеру т.б.) өз пікірлері мен қорытындысын жоғарғы
ұйымға, басшыларға жеткізеді.
Анықтамада тексерудің мақсатына қарай барлық фактілер мен
оқиғалар рет-ретімен жүйелі түрде жазылуға тиіс.
Жеке адамға қатысты анықтама мен қызметтік анықтамалардың
айырмашылықтары:
•
қызметтік анықтамада адресат деректемесі рәсімделеді,
•
жеке анықтамада адресат рәсімделмейді.
212
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,
Достарыңызбен бөлісу: |