9. Ғ.О. Тажина – б.ғ.к., доцент
10. Ә.З. Камалиденова – философ.ғ.к., доцент
11. Н.Ә. Әміреев – п.ғ.м., аға оқытушы.
12. Г.К. Өтебаева – п.ғ.м., аға оқытушы.
13. Б.Р. Бекенова – аға оқытушы.
Мәжіліске қатысушылардың ішінде басқа ұйымнан келіп отырғандар
болса, олардың аты-жөні, лауазымымен қоса ұйымның ресми атауы да
жазылады. Мысалы,
А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми
қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Г.Көбденова.
Мәжіліске қатысушылардың саны көп болған жағдайда оларға жеке
тізім жасалып, ол хаттамаға қосымша ретінде беріледі. Тізімдегі аты-
жөндер әліпби тәртібімен немесе лауазым, дәрежесіне қарай иерархиялық
тәртіппен жазылады. Қатысқандар тармақшасында олардың жалпы саны
ғана көрсетіледі. Мысалы,
ҚАТЫСҚАНДАР: Жалпы саны – 14.
Немесе:
ҚАТЫСҚАНДАР:
Дәлелді себептермен келмегендері – 1.
Достарыңызбен бөлісу: |