3. Жиналыстың (мәжілістің, отырыстың) өткізілген орны мен
күні.
Жиналыстың өткізілген орнына кәсіпорын я мекеме орналасқан
елді мекеннің атауы мен жиналыстың өткізілген күні жазылады. Мыса-
лы,
Алматы қаласы
2011 жыл, 11 қаңтар
Хаттамаға оның жазылған немесе рәсімделген күні, я болмаса төраға
мен хатшының қол қойған күні емес, міндетті түрде жиналыстың
өткізілген күні жазылады. Егер жиналыс бірнеше күнге созылатын бол-
са, онда басталған күні мен соңғы күні көрсетіледі. Мысалы,
2011 жыл, 11-14 қаңтар
4. Жиналыс төрағасы мен хатшы туралы мәлімет.
Жиналысқа
төрағалық етуші лауазымды тұлғаның қызметі, аты-жөні жазылады.
Келесі жолға хатшы туралы мәлімет жазылады. Мысалы:
ТӨРАҒА: Гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, фи-
лософия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж. Нұрышева.
ХАТШЫ: Гуманитарлық пәндер кафедрасының ассистенті
Достарыңызбен бөлісу: |