221
Орынғазы Әбутәліп
ҚАТЫСПАҒАНДАР:
А.Мүсірәлиева (себепті – іссапарға кетуіне байланысты).
6.
Күн тәртібі.
Күн тәртібінде сол күнгі мәжілісте қаралатын негізгі
мәселелер жазылады. Күн тәртібіндегі мәселелер маңыздылығына қарай
нөмірленіп беріледі. «Күн тәртібі» деген сөз жолдың ортасына үлкен,
қоюлатылған әріптермен жазылады. Мысалы,
КҮН ТӘРТІБІ:
1. Кафедра оқытушыларының ғылыми жобаға қатысуы туралы.
2. Эдвайзерлік туралы.
3. Ашық сабақтар туралы.
7. Тыңдалған мәселелер туралы мәлімет.
Бұл тармақ азат жолдан
«Тыңдалды» деген сөзбен басталады. Бұл сөз үлкен, қоюлатылған
әріптермен жазылып, қос нүкте қойылады. Егер күн тәртібінде бірнеше
мәселе қаралатын болса, олар күн тәртібіндегі нөмірлермен сәйкес
нөмірленіп көрсетіледі. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: