Кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгезпен қарау фактілерін анықтау және олармен жұмыс істеу бойынша ведомствоаралық


-тарау. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата13.12.2021
өлшемі0,67 Mb.
#125095
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
приказ 569 каз. 20210113110351

5-тарау. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, 

қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, аудандардың білім беруді 

басқару органдарының (бұдан әрі – білім беру органдары) кәмелетке 

толмағанға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау фактісі 

бойынша іс-әрекеттері 

 

12.  Білім  беру  органдары  кәмелетке  толмағандарға  қатысты  зорлық-

зомбылық  және  қатыгездікпен  қарау  фактілерінің  алдын  алуда  барлық 

профилактика  субъектілерімен  өзара  іс-қимылды  мынадай  жолдар  арқылы 

жүзеге асырады: 

1) кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездікпен 

қарау  және  олардың  құқықтарын  бұзу  фактілері  бойынша  оның  құқықтарын 

қорғау жөнінде дереу шараларды қабылдау; 

2)  қажет  болған  жағдайда  баланы  ата-анасынан  (заңды  өкілдерінен) 

айырып алу және прокурорға дереу хабарлау; 

3) баланы уақытша орналастыруды қамтамасыз ету; 

4) күнтізбелік жеті күн ішінде дәлелді қорытынды жасауды қоса алғанда  

кәмелетке  толмағандардың  ата-аналарының  және  заңды  өкілдерінің  ата-ана 

құқықтарын  шектеуге  немесе  одан  айыруға  материалдар  жинауды 

ұйымдастыру және сот органдарына өтініш жіберу; 

5) баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сот талқылауларына 

қатысу; 

6)  зорлық-зомбылыққа  және  қатыгездікке  ұшыраған  кәмелетке 

толмағандардың  орналастырылуын  және  тұру  жағдайларын  бақылауды 

қамтамасыз ету; 

7)  ішкі  істер  органдарын  кәмелетке  толмағанға  қатысты  құқықтарды 

бұзу,  зорлық-зомбылық  және  қатыгездікпен  қарау  фактілері  туралы  хабардар 

ету; 

8) зорлық-зомбылықтан зардап шеккен және өмірлік қиын жағдайға тап 



болған кәмелетке толмағанға қосымша білім алуды (оның ішінде бос уақытын) 

ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау. 

 

 







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет