8-тарау. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу, өмірлік қиын
жағдайға тап болған балаларды қолдау орталықтарының, дағдарыс
орталықтарының (бұдан әрі – Орталықтар) кәмелетке толмағанға
қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау фактісі бойынша іс-
әрекеттері
15. Орталықтар өз қызметін
мынадай жолдар арқылы жүзеге асырады
:
1) баланың құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын орган олардың
өміріне немесе денсаулығына тікелей қатер төнген кезде ата-аналарынан
(олардың біреуінен) немесе өздері қамқорлығындағы заңды өкілдерден айырып
алынған кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ әлеуметтік бейімсіздікке және
әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік
қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды қабылдауды және уақытша
күтіп-бағуды қамтамасыз ету;
2) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан
қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауды жүргізу;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен арнайы әлеуметтік қызметтер
көрсету;
4) жанжалды және өмірлік қиын жағдайларды шешуде заңды өкілдер
мен балаларға көмек көрсетуді ұйымдастыру;
5) өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылармен жұмысты ұйымдастыру.
____________________________________