жауған қарды жасай білуге үйрету;
-
ұсақ қол моторикасын дамыту;
-
табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:
қағазды умаждау арқылы
жауған қарды жасай алады;
түсінеді:
қағаздың көлемінің «үлкен», «кіші» болатынын және оны
умаждау әдістерін;
қолданады:
қағаздан умаждап белгілі бір пішінге келтіріп, оны
кеңістікке дұрыс орналастыра алуды;
Қолданылатын көрнекі құралдар:
үлгі суреттер, үлкен және кіші
көлемді қағаздар.
Сөздік жұмыс:
жапалақтап қар жауды, қар мамықтай ұлпа.
Билингвальді компонент:
қар – снег, қыс – зима, ақ – белый.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларға үлгі сурет бойынша көрсетіп, қар жауып тұрған сәтті
бейнелейтіндіктерін түсіндіреді. Жауған қарға бақылау жасағандарын
естеріне түсіреді. «Жапалақтап қаржауды» ойынын ойнайды.
Балалар сурет бойынша әңгімелейді және ойын ойнайды.
2. Негізгі кезең.
Педагог үлгіні көрсетіп, балаларға бүгін жауған қарды қағаздан қалай
жасауға болатынын көрсетіп түсіндіреді. Жұмсақ жолақ қағаздарды үзіп
алып, балалар алақан арасына салып умаждайды, оны домалақтайды,
жұмсартып, домалақ бейнеге келтіріп, қағаз бетіне әр жерге қар жауған
тәрізді етіп орналастырады.
Педагог қағазбен жұмыс жасауда «қар – снег, қыс – зима, ақ – белый»
сөздерімен таныстырады.
Сергіту сәті.
Тәулiк бойы тынбайтын,
Болайықшы ақ жаңбыр.
(Ақырын жауған жаңбырдың тырсылын жасайды.)
Астан-кестен жауатын,
Өткiншi ендi бiз жаңбыр.
(Нөсер болып жауған жаңбырдың тырсылын келтiредi.)
Жапалақтап жауатын,
Аппақ, ұлпа қарлармыз.
(Қардың жауғанын көрсетеді.)
Педагог балалардың жұмыстарына көмек көрсетіп, оны қағаз бетіне
қалай орналастыруға болатынын қадағалайды. Балалар екі қағазды да
кезекпен алып, алақан арасына салып, умаждап, домалақтауға әрекеттенеді.
30
Қар ақ, жұмсақ, оны қағаздан жасағанда да жұмсартып, домалақтап, бейнеге
келтіреді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |