31
ұзын кірпіштерді бірінің артына бірін тіркестіріп қойып алып, оның үстіне
текшелерді ретімен түсін таңдай отырып арасын алшақ етіп қойып аламыз,
текшелер тізіліп болған соң, оның үстін тағы да екі ұзын кірпіштермен
жабамыз. Ортасында ашық қалған жерлер вагондардың терезелері болады.
Ол жерлерге ұсақ ойыншықтарды отырғызып, балалар пойызбен ойнайды.
Құрылыс материалдарымен жұмыс жасау барысында педагог «терезе –
окно, көп – много» сөздерімен таныстырады.
Сергіту сәті.
«Пойыз» ойынын ойнау арқылы жасалады.
Балалар бірінің артынан бірі ұстап жүреді, жылдам жүреді, баяу
қозғалыспен жүреді. т.б.
Балалар жұмыстарын жалғастырады. Педагог жұмыс барысында
балаларға бағыт беріп, көмек көрсетеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
Балалар өздерінің жасаған құрылыстарына сипаттама жасап,
жетістіктерін, пойыздың бөліктерін атап, қандай құрылыс материалдарын
пайдаланғанын атайды.
Достарыңызбен бөлісу: