А. А. Ойшыбаева ҚҰрастыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет33/45
Дата13.12.2021
өлшемі0,62 Mb.
#125396
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
Байланысты:
құрастыру 3 [1]

Күтілетін нәтижелер

жасайды: 

қағазбен  жұмыс  жасау  дағдылары  қалыптастырылады, 

олардың түсін, көлемін, пішінін ажырата алады; гүлдер жасай алады; 

түсінеді: 

гүлдерді  қағаз  бетіне  дұрыс  орналастыруды  және  оны  оқу 

қызметі барысында көрсете алады; 

қолданады: 

қағазбен  жұмыс  жасауда  оны  көлемі,  пішініне  сәйкес 

кеңістікте дұрыс орналастыруды. 

Қолданылатын  көрнекі  құралдар: 

түрлі  түсті  жұмсақ  қағаздар, 

қатты қатырғықағаз, желім, қайшы және үлгі көрнекіліктер. 

Сөздік жұмыс: 

сабағы, жапырағы, сыйлық.  




32 

 

 



Билингвальді компонент:

 гүлдер – цветы,  мереке – праздник. 



 

ҰОҚ-нің барысы 

1.Ұйымдастыру кезеңі. 

Шаттық шеңбері: 

Аспанымыз ашық болсын,  

Деніміз сау болсын. 

Бәріміз аман болайық,  

Бір-бірімізбен дос болайық. 

(Өзін-өзі тану пәні бойынша.) 

Педагог балаларға сұрақ қояды: 

– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? 

–Көктемде қандай мерекелер болады? 

–8 Наурыз кімдердің мерекесі? 

–Дұрыс айтасыңдар, сендерді аялап өсірген аналарыңның мерекесі де 

жақындап қалды, олай болса, өз қолымызбен сыйлық әзірлесек қайтеді? 

«Ана–бақыт,  ана–байлық,  ана–гүл»,  – дейді халқымыз.  Балаларға  үлгі 

көрнекілікті  көрсетіп  аналар  мерекесі  қарсаңында  аналарына  әдемі 

сыйлық жасап үйренетіндерін айтады.  

«Мынадай  сыйлық  жасауға  келісесіңдер  ме?»  –  деп,  үлгіні  көрсетіп, 

талдау  жасайды.  Қағаз  түстеріне  балалардың  назарын  аударады.  Балалар 

үлгіні  мұқият  қарап,  гүлдердің  қалай  жасалғанын  қарап  көреді,  қағаз 

түстерін таңдап алады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет