Сабақтың атауы Қағаз және қатырғықағазбен жұмыс Қатырғықағаз туралы қысқаша мағлұмат



Дата13.05.2020
өлшемі22,42 Kb.
#67605
түріСабақ
Байланысты:
sabaq-kz attachment mzh.-aaz-zhne-atyryaazben-zhmys


Еңбек










Сабақтың атауы

Қағаз және қатырғықағазбен жұмыс

Қатырғықағаз туралы қысқаша мағлұмат

Қатырма қағаз таспасынан тоқылатын бұйымдар


Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

түрлі-түсті қатырма қатырма қағаз, желім, қылқалам, қайшы.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Оқушыларға қатырма қағаздан себет тоқуды үйрету. Танымдық қабілеттерін дамыту. Ептілікке, әсемдікке тәрбиелеу.

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Мұғалімнің түсіндірмесі


Себет тоқу жұмысы қағаз  таспаны тіктеп тоқудан басталады. Мұндай тәсілмен қорап, себет, сандықша сияқты бұйымдарды тоқып алуларыңа болады. Тоқудың екінші түрі - таспаны қиғаштап тоқу. Бұл тәсілмен дайындалатын бұйымдар сәнді көрінеді.

Мағынаны тану


1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап 3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті: 1.Түрлі-түсті қағаздан ұзындығы 20 см, ені 15 см тік төртбұрыш қиып аламыз. Ол қораптың негізі болады. 2.Қағаздың жиектерінен 5 см-ден қалдырып отырып, сызық жүргіземіз. Бұрыштарындағы артық бөлшектерді қиып, алып тастаймыз. Қорап қабырғаларын бүктеу сызықтары бойынша ішке қарай қайырамыз. 3.Ені 1см-ге тең болатын жолақтар сызамыз. Оларды бүктеу сызығына дейін қиямыз. 4. Қорап қабырғаларын 3-суретте көрсетілгендей етіп ені 1см ұзын жолақтардың көмегімен тоқимыз.

Сергіту сәті

Еңбек етсең терлеп оның аты – еңбек,

Гүл өсірсең терлеп оның аты – еңбек,

Кесте тіксең зерлеп оның аты – еңбек,

Ағаш ексең терлеп оның аты – еңбек,

Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс


Бүгінгі сабақ ұнады ма? Жасаған қораптарың әдемі шықты ма?

Үй тапсырмасы

Жұмысты үйде аяқтау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет