Сабақтың атауы Қожанасыр әңгімелері Сілтеме Әдебиет оқулығының әдістемесі



Дата26.06.2018
өлшемі18,07 Kb.
#44213
түріСабақ

Әдебиеттік оқу

Уақыты:

Сынып: 2




Сабақтың атауы

Қожанасыр әңгімелері

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Көрнекілік Қожанасырдың суретін интертақтадан слайдынан көрсету, «Балдырған» журналы.
Әдісі: топпен жұмыс, СТО стратегиясы.
Түрі: аралас сабақ..

Жалпы мақсаттар

1) аты халқымыздың аузынан түспейтін, ерте заманнан әйгілі болған, сөз тапқыш кейіпкерге айналған Қожанасыр туралы хикаяларды оқып, танысу;
2) тіл байлығы мен ақыл - ой өрісін дамыту;
3) ауызекі тілге қызығушылығын тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Топтар құру

І - топ -«Білгіштер», ІІ - топ - «Тапқырлар».



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін!-



Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау


І. Үй тапсырмасын сұрау ( үйде құрастырып келген өтірік өлеңдерін ортаға шығып, оқып беру, сәтті шыққандарына мақұлдайтын 3 рет шапалақтау)
ІІ. Ой шақыру: (тақтадағы топтама )- Мына сипаттамаға сай келетін, баяғы заманнан кез - келген балалар журналының ішіндегі ертегілер мен аңыздарда қызықты оқиғаларымен әйгілі кейіпкерді тауып көріңдер. Аты кім екенін айтыңдар.
?

Сөзтапқыш
Халықтың сүйікті кейіпкері
Жуас
Айлакер
Күлкілі
Жақсылыққа жақ
(Әр басылымдағы суреттерін көрсету)
- Ал, сендер атақты Қожанасыр туралы қандай қызық хикая білесіңдер?
(Әр топтан екі оқушы өздері білетіндерін айтып береді)
Интертертақтадан слайд көрсету

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

ΙΙΙ. Топпен жұмыс
І - топ: Оқулықтың 37 бетіндегі «Қожанасыр мектепте» хикаясын өз тобының ішінде оқып, бір - біріне айтып береді, ортаға шығып бүкіл оқушыларға рөлге бөліп айтады.

Тапсырма:
1. Аптада неше күн бар?
2.Тәулікте қанша сағат?
3.1 сағатта неше минут бар?
4.1 минутта неше секунд бар?
5.1 ғасырда неше жыл бар?


ІІ-топ: «Төрттен төртті алса не қалады?» хикаясын оқиды, дәл басқа топтардай дайындалады, мазмұнын ортаға шығып 2-3 оқушы болып, рөлмен айтып береді.

Тапсырма:

5 теңге,7 теңге,9 теңге,10 теңге,15 тенге ,20 теңге .................... 1000 теңге

Оқушыларға ұлттық теңге жайында шағын мағлұмат беру.


Сергіту сәті

Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық..

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс


ΙҮ. Бекіту жұмысы. (Сұрақтар жазылған карточкаларға жауап алу)
- Қожанасырдың мұғалімге берген жауаптарына қарап, оны қандай оқушы деп ойлайсың?
- «Күн бір сағатқа ұзарды» деген мұғалім сөзін Қожанасыр қалай түсінген? Сен Қожаға қалай түсіндірер едің?
- Екінші мәтіндегі Қожанасырдың жауабын дұрыс не бұрыс екенін дәлелде..
- Қожанасыр шынымен төрттен төртті азайта алмауы мүмкін бе?
- Қожанасыр туралы әңгімелерді оқығанда, қандай сезімде болдың?

Ү. Дәптермен жұмыс 23 бет.
а) «Қожанасырдың қуанышы» өлеңін оқып, мазмұнын ашу.
ә) Шығармашылық жұмыс:
1. - Қожанасырға не айтар едің? Оған хат жаз. Баспадан шыққан дәптердің 23 беті
2. – Ортаға шығып оқып беріңдер. (2 - 3 оқушыға оқытып, бағалау)

Үй тапсырмасы

Мазмұнын айту.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақша арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды


Кері байланыс

Стикерлер арқылы кері байланыс орнату




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет