Құжаттама білім беру мекемесі шеңберінде жұмыс жасайтын психологиялық қызмет үшін
Психологиялық қызметтің құжаттамасы Психологиялық қызмет кабинетінде сақталады.
Құпия сипаттағы құжаттама білім алу барысына қатысатын өзге субъектілерге тек қана
баланың, ата-ананың немесе олардың орнындағы тұлғалардың келісімімен психологтың әдеп
кодексінде жазылған талаптарды ескере отырып қолжетімді болуы мүмкін.
Құжаттаманы жүргізу сапасы үшін педагог-психолог жауапты. Егер мекемеде 2 және одан көп
міндеттер шеңберінде құжаттаманы жүргізу және оның бүтіндігін қамтамасыз ету үшін
қарай құжаттаманың бүтіндігі үшін оны қабылдау-тапсыру актіне сәйкес қабылдап алған
құжаттаманың бүтіндігі үшін бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға жауапты болады.
•
Психологиялық қызметтің құжаттамасы бірыңғай үлгілер бойынша рәсімделеді.
•
Құжаттама жүргізу үлгілері өзгертілуі мүмкін, оны білім беру ұйымының тұрпаты, түрі, қажеттіліктері анықтайды.
Өзгертулер енгізілген жағдайда үлгілер мектептің Әдістемелік кеңесімен бекітіледі, бұл Психологиялық қызметтің
атқарушы құжаттамасын жүргізуді реттейтін жергілікті нормативтік акт болып табылады.
•
Психологиялық қызмет қосымша құжаттама рәсімдей алады, ол әкімшілікпен келісе отырып, әлеуметтік-
психологиялық, тәрбие, оқу-әдістемелік қызметтердің құжаттарында сақтала алады. Қажет болса, қажетті
құжаттардың телнұсқалары мен көшірмелері жасалады.
•
Құжаттаманы жүргізу үшін материалдық қамсыздандыруды (қағаз, тіркеушілер, папкалар, т.б.), оны басып
шығаруды білім беру мекемесі қамтамасыз етеді.
•
Психологиялық қызмет электрондық құжаттама қорын жасауға құқылы. Бұл ретте оның бүтіндігі электрондық
тасымалдауыштарға көшірмелеу арқылы қамтамасыз етіледі. Нормативтік құжаттар мен бекіту мен мақұлдауды
талап ететін құжаттардың қағаз телнұсқасы жасалады. Есепке алу журналдары тек қағаз нұсқада жүргізіледі.
•
Психологиялық қызметтің құжаттары, мектепішілік басқа құжаттама сияқты уақытылы, айқын, анық, тазартып
өшірусіз, енгізілген мәліметтердің шынайылығынан күмән тудыратын қолдан түзетусіз рәсімделуі тиіс.
құжаттардағы жазбалар (мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша) сиямен жазылады немесе компьютерде
рәсімделеді. Құжат мәтінінде немесе сандық мәліметтерінде кеткен қате келесі жолмен түзетіледі: қате жазылған
сөздер немесе сандар үстінен сызылады, бірақ үстінен сызылған сөздер мен сандар оқылатындай болуы тиіс,
жанына нақтыланған мәліметтер жазылады. Барлық енгізілген түзетулер құжатты рәсімдеген тұлғалармен
ескертілуі және қолтаңбаларымен куәландырылуы тиіс.
•
Құжаттардағы деректердің шынайылығы және оларды сапалы рәсімдеу үшін құжатқа қол қойған педагог-
психолог жауапты.
Достарыңызбен бөлісу: