мемлекеттiк лауазымға орналасу үшiн конкурсты ӛткiзудiң шарты мен тәртiбiн
уәкiлеттi орган белгiлейдi. Конкурсты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымы бар
iстерi жӛнiндегi уәкiлеттi орган конкурс ӛткiзу туралы мемлекеттiк және орыс
тiлдерiнде хабарландыру жариялағаннан кейiн ӛткiзедi. Конкурс жариялаған
21
әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасу немесе орналаспауы үшiн негiз болып
табылады. Басқаша айтқанда, конкурс комиссиясының оз қорытындысын алған
конкурсқа қатысушылар ғана әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасу құқығына
ие болады.
Тағайындау
саяси мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке орналасу
тәсiлдерiнiң бiрi болып табылады. Саяси мемлекеттiк қызметшiлер лауазымының
тiзiмi Қазақстан Республикасының Президентiмен бекiтiледi.
Есепке алу
мемлекеттiк қызметке адамдарды алған кездегi жасақтау
тәсiлдерiнiң бiрi әрi кӛбiне мемлекеттiк қызметшiлердiң кадрлық резервiн
қалыптастыру үшiн қолданылады. Конкурс комиссиясының оң қорытындысын ала
алмаған, бiрақ мемлекеттiк қызмет үшiн ұсынылған, конкурсқа қатысушылар
кадрлық резервке алынады.
Сайлау
– мемлекеттiң, белгiлi халық санының немесе қандай да бiр органның
тапсырысы бойынша құзыреттi жүзеге асыру үшiн нақты тұлғаны ұсыну және
сайлау. Қазақстан Республикасының заңдылығына сай Президент пен барлық
деңгейдегi депутаттар сайлануға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: