128
2. Жалпақ құрттардың бөліп шығару мүшелерінің жұлдызша тәрізді жа-
сушаларын сипаттаңдар.
Қолдану:
1. Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттардың бөліп шығару мүшелерінің
құрылысы мен қызметіне салыстырмалы сипаттама беріңдер.
2. Ұлу, шаянтәрізділер, балықтар және сүтқоректілердің бөліп шығару
мүшелерінің құрылысы мен қызметіне салыстырмалы сипаттама
беріңдер.
Талдау:
1. Бүйрек құрамбөлігі – нефрондардың құрылысы мен қызметінің ерекше-
ліктерін талдаңдар. Олардың эволюциясын буылтық құрттардан бастап
сүтқоректілерге дейін талдаңдар.
2. Омыртқалы мен омыртқасыз жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің
ұқсастығы мен айырмашылығын талқылаңдар.
Синтез:
1. Бөліп шығару мүшелерінің эволюциясы тұрғысынан жануарлардың бөліп
шығару жүйелерінің сызбасын сызыңдар.
2. Жалпақ және буылтық құрттардың, ұлулардың, шаянтәрізділердің,
балықтар мен сүтқоректілердің бөліп шығару жүйелерінің жетілуін
талқылаңдар.
Бағалау:
1. Жануарлар ағзасы үшін бөліп шығару жүйелерінің маңызына баға
беріңдер. Бөліп шығару мүшелерінің эволюциялық тұрғыда басқаша
даму барысын елестетіп көріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: