Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


Өсімдіктер тіршілігіндегі жарық



Pdf көрінісі
бет143/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

Өсімдіктер тіршілігіндегі жарық. 
Өсім дік  тердің басым бөлігі үшін 
энергияның басты көзі – жарық. Сон дықтан жарық – өсімдік ағзасына 
әсер ететін маңызды абиотикалық факторлардың бірі.
Әртүрлі  экожүйеде  жарық  дәрежесінің  ерекшеліктеріне  әртүрлі 
бейімделген  өсімдіктер  өседі.  Жарық  дәрежесінің  қарқындылығына 
бейімделуі  бойынша  өсімдіктер  экологиялық  топтарға  бөлінеді. 
Жарықсүйгіш  және  көлеңкеге  төзімді  өсімдіктер  болып  ажыратыла-
ды. 
Жарықсүйгіш өсімдіктер
 ашық кеңістікте өседі. Жарық дәрежесі 
жеткіліксіз  болса,  бұл  өсімдіктер  нашар  дамиды  немесе  тіршілігін 
жояды. Жарықсүйгіш өсімдіктерге әртүрлі ағзалар жатады. Мысалы, 
қарағай, түймедақ, қант қамысы және эвкалипт.
Көлеңкені  ұнататын
  өсімдіктер,  керісінше,  тікелей  күн  сәулесі 
түсетін жерде нашар дамиды. Олар көлеңкелі жыраларда, орманның 
көлеңкелі жерлерінде өседі. Мұндай өсімдіктерге саумалдық, інжугүл 
жатады.
84-сурет. 
Інжугүл –
көлеңкені ұнататын өсімдік
85-сурет.
 Қарағай – жарықсүйгіш 
өсімдік


133
Өсімдіктердің  жарықтың  өзгеретін  жағдайына  бейімделуі 
жапырақтың  ерекше  орналасуынан  және  жапырақтың  ішкі 
құрылысының өзгеруінен байқалады.
Тәулік бойы жарықтың өзгеруіне өсімдіктердің әсері туралы келесі 
сабақтарда қарастырамыз.
Тропизм,  фототропизм,  жағымды  тропизм,  жағымсыз  тропизм, 
гелиотропизм, геотропизм, таксис, экологиялық топтар. 
Білу және түсіну:
1.  Өсімдіктерге тән қозғалу типін атаңдар.
2.  Оқулықтан өсімдіктердегі қозғалу және тітіркендіргіш арасындағы бай-
ланысты сипаттайтын ақпаратты тауып, түсіндіріңдер.  
Қолдану:
1.  Өсімдіктердің қозғалуына қандай  абиотикалық факторлар әсер етеді? 
Гео-, фото- және гелиотропизм деген не екенін түсіндіріңдер. Олар қандай 
мүшелерге тән? 
2.  Өсімдіктерге оң және теріс тропизмнің қажет екенін көрсететін мысалдар 
келтіріңдер. 
Талдау:
1.  Өсімдіктер мен жануарлардың қозғалуын салыстырыңдар. 
2.  Тамырдың төмен, ал жапырақтың Күнге қарай өсу себебін түсіндіріңдер. 
Күнбағыс гүлшоғырының Күнге бағытталып өсу себебін талқылаңдар. 
Синтез:
1.  Өсімдік ағзасына фактордың әсер ету бағыты белгілі болса, өсімдіктің 
қалай қарай өсетінін болжаңдар.  
2.  Таксисті, оң және теріс тропизмді, өсімдіктің енжар қозғалысын көрсетіп, 
сызба сызыңдар.  
Бағалау:
1.  «Қозғалу»  деген  сөзді  өсімдіктерге  қатысты  қолдануға  бола  ма? 
Жауаптарыңды негіздеңдер.
2.  Қозғалуды тірі ағзалар үшін биологиялық қажеттілік ретінде бағалаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет