224
құрамындағы дыбыстарды біріктіру. Сөз, сөздің құрамындағы буындардың барлығы
бір сингармониялық тембрмен сипатталады» [3, 107] деп үндесім заңын бір сингармо-
тембрге ұйысқан сөздің бүтіндігі туралы айтты.
Үндесім құбылысының екі түрі – тіл және ерін үндесімінің парапарлығы туралы да
осы зерттеулерден кейін ғылыми көпшілік назарына алынды. Десек те, бұрынғы кеңестік
түркі мемлекеттерінің орта және жоғары мектеп бағдарламаларында үндесімнің тіл және
буын түрі деп оқытылып жатқаны жасырын емес. Ерін үндесімінің үндесім қатарына да
алынбайтынының бір себебі бұл құбылыстың барлық түркі тілдерінде бірдей көрініс тап-
пайтынында болып отыр. Яғни жазба тілде таңбаланбайтынында. Сондықтан төменде
зерттеуші Б.К.Көпбосыновтың «Қазақ тіліндегі үндесім дауыстыларының үндесім
белгілері» атты зерттеу мақаласынан мына бір үзіндіні назарларыңызға ұсынуды жөн
көреміз: «В.А.Богородицкий түрлі түркі тілдерінің сөз формаларындағы сингармонизм
заңдылықтарын тұжырымдап шықты. Ол түркі тілдеріне тән сегіз дауысты дыбысқа (о
– ö, u – ü, a – ä/e, y(ы)-i) негізделген сегіз тордан тұратын кесте жасады да, көлденең төрт
қатарына түбір буынындағы төрт ерін дауыстыны, яғни о – ö (жуан), u – ü (жіңішке);
аффикстік вокализмнің екі типіне сәйкес кестені тігінен екіге бөліп, еріндік: a – ä/e
(ашық), y-i (қысаң) дыбыстарын орналастырды.
В.А.Богородицкий түрлі түркі тілдерінде қосымшалардағы ерін үндестігі біркелкі
болмайтынын анықтады. Барлық түркі тілдері қосымшалардағы ерін үндестігін толық
қолданулары және аз қолдануларына байланысты белгілі бір шкала бойынан орын
алады. Бұл шкала бойынша түркі тілдері төмендегі тәртіппен берілген:
1)
қырғыз және алтай тілдері;
2) қарайым және шор диалектілері;
3)
қазақ және чулым тілі;
4) қызыл және барабин диалектілері;
5)
хакас диалектілері;
6) батыс-сібірлік татарлар диалектілері;
7) мещеряк диалектісімен
татар тілі және башқұрт тілі;
8) қарағас диалектісі және тува тілі;
9)
Синь-Цзян диалектілері, қазіргі ұйғыр, өзбек және оңтүстік тілдері;
10) Көне жазба ескерткіштер.
Сингармонизмді жоғалтуына байланысты өзбек әдеби тілінің де өзіндік ерекше-
ліктері бар: көптік жалғаудың бір ғана
lär
формасы бар (ол өзбек тіліндегі
l
фонемасының
жіңішкеруімен байланысты), локальды септіктер – жатыс пен шығыс – жалғаулары
кез келген позицияда тіл арты ашық дауысты а дыбысымен, барыс септігі
–gä/-ga
ва-
рианттарымен,
табыс септік - қысаң
y
(ы) дыбысымен келеді [4].
1926ж. құрылтайда сингармонизм солтүстік түркі тілдерінде ғана бар деп анықталған
[1, 149]. Сингармонизмді анықтаудың белгісі ретінде қосымшалар вариантының бо-
луы ұсынылған [1, 175]. Сонда түркі сингармонизмін жоғалтқан тілдердің алғашқысы
чуваш пен өзбек тілдері болып саналады.
Сонымен ерін үндестігі фонетикалық қана емес, фонологиялық құбылыс ретінде
алғашқы қатардағы төрт тілдің жазуында таңбаланады. Ерін үндестігінің бүтін
сөзді қамтитынын екінші буында ашық еріндіктің айтылуы мен жазылуына қарап
225
бағалаймыз. Ерін үндестігі қырғыз, алтай тілдерінде қысаң дыбыстармен қатар ашық
дыбыстарда да айқын көрінеді:
о
дыбысы буын талғамайды, қосымша құрамында да
қолданылады. Мысалы, алтай тілінде:
оро (орау), ойлоо (ойлау), полот (болат), сокор
(соқыр), остол (үстел), оңол (оңал), озондо (азан салу), ортоктош (ортақтас).
Ал
тыуа, хакас, саха тілдерінде ерін үндестігі қысаң дауыстыларды қамтиды [5, 158].
Сонда ерін үндестігі түркі тілдерінде үш түрлі типте таңбаланады:1) толық
таңбалану, алтай тілінде:
чолмондор
, қырғыз тілінде:
ойгонгону; гүлдөр
; башқұрт
тілінде:
озонлоғоннон
тыуа, хакас
(үстүнің)
, саха тілдерінде; 2) жартылай таңбалану:
түрік, түрікмен тілінде:
hükümet, hürriyet
, 3) таңбаланбау, қазақ тілінде:
тұмсық
, құмық
тілі:
уьйде
, өзбек тілі:
тулки
.
Жартылай таңбаланатындар қатарына алған түрік тіліндегі ерін үндестігі тіл
үндестігімен бірдей дәрежеде емес. Жұрнақтар мен шылауларға дейін қамтитын
ерін үндестігі
, фонемаларына келгенде «кедергіге ұшырайды». Мысалы,
кüpeli, hürriyet, кöfte
деген сөздер мен
köprü (көпір), koşu
(жүгіру),
hükümet
(үкімет)
сөздерін салыстырсақ, <а>, <е> фонемалары еріндік үндесімді тежейтінін көреміз.
Бұл қазақ тілінің орфоэпиялық нормасына сәйкес. Тек қазақ жазуында ерін үндестігі
таңбаланбайды, түрік жазуында таңбаланады.
<а>, <е> дыбыстары жоқ қосымшалар мен шылаулар түрік жазба тілінде жуан,
жіңішке және жуан еріндік, жіңішке еріндік болып келеді. Мысалы: dır (-dır/-dir/-dur/-
dür), tır (-tır/ -tir/ -tur/ -tür), mı (mı, mi, mu, mü), - ı (-ı, -i, -u, -ü), -
Достарыңызбен бөлісу: