Дала уалаяты
газеті бетінде де жарияланды.
Бірақ бұлардың барлығы да алғашқы бастама, жеке адамдар пікірі түрінен аспады.
Ахмет Байтұрсынұлы – араб жазуын қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп
қолдану бағытындағы алғашқы ғылыми пікір білдірген ғалым, қазақ тіліне тән дыбыс-
тарды, олардың түрлерін, емлесін туған тілімізде сөз еткен алғашқы еңбек, қазақ фо-
нетика ғылымының қазақ тіліндегі тұңғышы болатын. Жазу тарихының бірінші кезеңі
А.Байтұрсынұлы есімімен тығыз байланысыты.
Ұзақ ғасырлар бойы қолданылып келген араб жазуынан бас тартудың себебі оның
түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіне сәйкессіздігінде, баспа ісіне қолайсыздығында
ғана емес, сонымен бірге саяси себептер де бар болатын. Алайда, араб графикасын
238
қолданудан қалдырудың түркі халықтары үшін кейбір тиімсіз жақтары да болды:
біріншіден, латын жазуына төселгенге дейін халық жаппай сауатсыздыққа айналды,
екіншіден, араб жазуы түркі халықтары арасында белгілі бір ғана жүйеде, бір ғана ере-
жеде қолданылатын да, бірінің тілінде жазылғанды екіншілері өз тілі ыңғайына келтіріп
оқи беретін. Араб жазуының қолданудан қалуы – түркі халықтарының және тілдерінің
осы бірлігін бұзды, үшіншіден, кейінгі ұрпақ XX шақты ғасыр бойында араб графикасы-
мен түркі тілдерінде жазылған орасан мол әдебиеттерді пайдаланудан мақрұм қалатын
болды. Қазақстандағы Ахмет Байтұрсынұлы сияқты басқа да түркі халықтары ішінен
шыққан біраз зиялы азаматтардың араб графикасын тастауға қарсы болулары айтылған
себептерді ескергендіктен болатын. Бірақ өзіндік пікірі, өзіндік идеясы үшін жазалана-
тын заманда А. Байтұрсынұлына бұл да зор айып болып тағылды.
Араб жазуын қазақ тілінің ыңғайына қарай өзгертіп қолдану, соның негізінде
қазақтардың өзіне тән тұңғыш әліппесін жасауға, оны баспа техникасына үйлестіруге
арналған әр түрлі шаралар ХХ ғ. 20-жылдарының алғашқы жартысында бұрынғыдан
едәуір қарқынды жүргізілді. Оны бастаушы да, дем беруші де А.Байтұрсынұлы болды.
А.Байтұрсынұлы – сегіз қырлы, ой өрісі, дүние танымы мейлінше кең, дар-
хан иесі, бір туар кесек тұлға. Ыбырай Алтынсарин сияқты жоғары мектептерде
оқып білім алған жоқ, оның тәмамдаған оқуы, педагогикалық училище ғана. Бірақ
А.Байтұрсынұлы – өз бетінше көп оқыған, өмірден үйренген, табиғатынан дарын-
ды болып туған ғалым. Ол қазақтың тұңғыш лингвист ғалымы, қазақ тілін қазақ
тілінде зерттеуді бастаушы, қалыптастырушы, араб жазуын қазақ тілінің дыбыстық
жүйесіне сәйкестендіріп қайта құрушы (реформа жасаушы), қазақ тілі білімінің
ғылыми терминдерін қалыптастырушы, қазақ тілінің қазақ тілінде жазылған тұңғыш
грамматикасының авторы, қазақ тілі білімінің негіздері болып есептелетін фонетика,
морфология, синтаксис сияқты салаларын қазақ тілінде зерттеуге алғаш жол салушы
бастаушы, Кеңес дәуіріне дейін де жұртшылық таныған түрколог.
А.Байтұрсынұлының ғылыми еңбектері қазан революциясынан бұрын басталып,
Кеңестік құрылыс тұсында, 1927 жылы аяқталды. А.Байтұрсынұлының әрқайсысы
бірнеше реттен қайталанып басылып отырылған бір жылдық, екі жылдық, үш жыл дық
Тіл
құралдары, Тіл дамытқыш, Оқу құралы, Әліп би, Әдебиет танытқыш
атты оқулықтарымен
қатар, тіліміздің дыбыстық жүйесіне, оқыту әдістеріне, оқытудың «баулу, төте, көрнекі» деп
аталатын түрлеріне арналған көптеген ғылыми-әдіснамалық мақалалары, түркологиялық
кеңестерде жасаған баяндамалары, сөйлеген сөздері баршылық.
Бүкіл саналы өмірін туған халқын көркейтуге бағыштаған асыл азамат жалақорлық,
пәлеқорлық заманның озбырлығына душар болып, 1937 жылы түрмеде көзін жұмды.
Араб әліпбиін қанша жөндегенмен, күткен нәтижені бере алмайтынына көзі жет-
кен сол замандағы қоғам қайраткерлері Одақтың әр жерінде көтеріле бастаған латын
әліппесіне көшу талабына үн қосып жатты.
Екінші кезең, яғни латын графикасына көшуге әзірлік, 20 жылдардың алғашқы жар-
тысында басталып, түркі тілдес республикалардың әрқайсысында әр түрлі қарқында
жүргізілді. Бұл істе белсенділік көрсеткен Әзірбайжан өкіметі болды. Бакуде 1922 жылы
арнаулы жаңа алфавит комитеті құрылды. 1924 жылы Әзірбайжан Орталық Атқару
комитетінің декреті бойынша жаңа латын алфавиті міндетті мемлекеттік әліппе бол-
сын деп тағайындалды. Біраз жұмыс істегеннен кейін бұл комитет КСРО Орталық
239
Атқару Комитеті жанындағы Бүкілодақтық жаңа алфавит Орталық комитеті болып
қайта құрылды. Бұл комитеттің еліміздегі ең көрнекті ғалымдардан құралған ғылыми
кеңесі болды. Комитет жер-жердегі жаңа әліппеге жаңа байланысты жұмыстарға
басшылық етті, жаңа әліппенің жобаларын жасап, оны талқылап, бекітіп отырды. Ко-
митет
Достарыңызбен бөлісу: |