237
деп аталады. Бұл жазуды ғалымдар екі түрге бөліп қарайды. Оның алғашқысы
Селенг
және
Суджи
ескерткіштері деп аталатын көне үйлер қабырғасына, тасқа жазылған
эпитафиялық жазбалар, екіншісі – алдыңғыдан қомақтырақ, қағазға жазылған
Манихей
ескерткіші мен
Будда, Христиан
діндерін уағыздайтын діни және құқықтық мазмұнды
жазба нұсқалар. Бұлар кейбір еңбектерде табылған жердің атымен Тұрфан немесе
Шығыс Түркістан жазбалары деп те аталады.
Көне ұйғыр жазуы да, негізінде, соғды әліппесіне негізделеді. Оның ұйғыр атымен
аталуының төмендегідей себебі бар: көне түркі жазбасында айтылатын Білге қаған
өлгеннен кейін, оның мемлекеті ыдырап, біраз уақыт билік ұйғыр тайпасына көшеді.
Өз дәуірінде ұйғырлар сан жағынан көп, күшті тайпалардың бірі болады да, сол дәуірде
қолданылған жазу солардың, яғни ұйғырлардың ұлттық атымен аталады. Кейбір тарих-
шылар көне ұйғыр жазуын Шыңғысхан да пайдаланған дейді.
Соғдылардың жаңа әліппесіне негізделіп жасалған ұйғыр жазуында 23 таңба болған,
олар 28 дыбысты таңбалайтын болған. Ұйғыр жазуы жоғарыдан төмен қарай жазылады,
бұлай жазуды моңғолдар 1940 жылдар ішінде де қолданды. Ұйғыр жазуында әріптер
сөздегі орнына қарай әртүрлі таңбаланатын болған. Мұндағы дыбыстар да қазіргі
тілдердегі сияқты дауысты, дауыссыз болып бөлінген. Дауысты дыбыстар саны 8 болған.
Ислам дінінің енуіне байланысты ІХ-Х ғасырлардан бастап түркі халықтары ара-
сына тараған араб жазуы жергілікті халықтар тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне
сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде
де қолданылды. Сол себептен консонанттық принципті араб жазуы түркі тілдерінің
дыбыс жүйесіне сай келмеді. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі
халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет
етіп келді.
Түркі халықтары графикасының XX ғасырдың бас кезінен бері қарайғы тарихын
Т.Р. Қордабаев ІІІ кезеңге бөледі:
1. Араб графикасын түркі халықтары тілдерінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп
қолдану кезеңі;
2. Араб графикасынан
латын графикасына көшу кезеңі;
3. Латын графикасынан орыс графикасына негізделген жазуға кешу кезеңі.
Араб жазуының қазақтың дыбыстық жүйесіне сай еместігін Ш.Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин, Н.И.Ильминский, П.М.Мелиоранский сияқты түркологтар өткен
ғасырдың өзінде-ақ байқаған, оны тастап орыс тілі графикасын алуды ұсынған болатын.
Жазу мәдениетіне байланысты біраз пікір
Достарыңызбен бөлісу: