Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет123/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   165
«Культура и письменность Востока және Революция и письменность» 
дейтін 
журналдар шығарып тұрды. Бұл журналдар бетінде жаңа алфавитке, фонетика мен 
грамматикалық  құрылыс  салаларына  байланысты  алуан  түрлі  пікірлер,  айтыстар, 
алфавит  жобалары  жарияланып  тұрды.  Жаңа  алфавит  комитеттері  жер-жерлерде 
ұйымдасты. Олардың әрқайсысы латын графикасына негізделген жазуды өз тілдеріне 
қалай сәйкестендіру ісімен шұғылданды.
1926  жылы  Бакуде  Бүкілодақтық  түркологиялық  бірінші  съезі  болды.  Съезд 
қаулысына  барлық  түркі  тілдес  халықтар  латын  графикасына  негізделген  жазуды 
қабылдайтын болсын деген қаулы қабылданды.
Түркі  республикаларының  біразына  қарағанда  жаңа  әліппеге  көшу  жұмысы 
Қазақстанда  едәуір  баяу  дамыды.  Латын  алфавитіне  негізделген  жазуды  қабылдау 
мәселесі  1924  жылы  болған  Қазақ  білімпаздарының  съездерінде  көтерілгенімен,                  
26 жылдың аяғына дейін ол айтарлықтай өріс ала алмады.
Латын  әліппесіне  негізделген  жаңа  жазуға  көшу  жұмыстарына  басшылық  ету 
мақсатымен 1927 жылы Республикалық жаңа алфавит Орталық Комитеті құрылды. 
Комитетке басшылық ету міндеті сол кездегі Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы 
Нығмет Нұрмақовқа тапсырылды. Бұл комитеттің Республикадағы барлық округтерде 
құрылған бөлімшелері болды. Олар жаңа әліппенің тиімділігі туралы халық арасында 
үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Олардың жұмыстарына жергілікті партия, кеңес 
органдары басшылық етті.
Қазақстан  Орталық  Атқару  Комитетінің  «Қазақ  жаңа  емлесі  туралы  декреті»                       
1929 жылдың 25-шілдесінде жарияланды.
Латын жазуы тарихы Қазақстан ғылымында Қ.Қ.Жұбанов атымен тығыз байланыс-
ты. Репрессия заманынының құрбаны, асыл азамат – Құдайберген Қуанұлы қазақ тіл 
білімі саласында 6-7 жылдай ғана еңбек ете алды. Осы аз жылдың өзінде ол қазақ тіл 
білімінің әр саласына қатысты бірсыпыра ғылыми еңбектер жазды. 
Түркі  Республикаларының  көбімен  салыстырғанда  жаңа  әліпбиге  көшу  жұмысы 
Қазақстанда  едәуір  баяу  дамыды.  Латын  алфавитіне  негізделген  жазуды  қабылдау 
мәселесі  1924  жылы  болған  Қазақ  білімпаздарының  съездерінде  көтерілгенімен,                
1926 жылдың аяғына дейін ол айтарлықтай өріс ала алмады.
Қабылданған әріптерде 9 – дауысты дыбыс, 20 – дауыссыз дыбыс таңбаланды. Бұл 
декретте бас әріп таңбалары алынған жоқ. Қабылданған емле ережелерінде көптеген 
олқылықтар, шалағайлықтар да кездеседі. Жазуда фонетикалық принцип қолданылды. 
Осы және де басқа мәселелер көп ұзамай пікір-таластар туғызды.
Латын  графикасын  қабылдауда  кеткен  олқылықтар  мен  қолайсыздықтар,  олар-
ды  –  түзеудің  жолдары  жайындағы  мәселені  шешуге  Құдайберген  Жұбанов  белсе-
не  қатынасты.  Латын  жазуында  морфологиялық  принцип  те  басшылыққа  алынды. 
Әліпби негізін жасауда қыруар жұмыс жүргізілсе де, емледе ала-құлалық туғызатын 
ережелер,  екі  ұшты  тұжырымдар  орын  алды.  Терминдік  сөздерде  кездесетін  орыс 
графикасындағы 
э,  ë,  я,  ю,  щ,  ч,  ь,  ъ
  таңбалары  бұл  жолы  да  енгізілмеді.  Оның 


240
үстіне  латын  графикасын  сақтау-оқыту  жұмысында  көп  қиыншылыққа  душар  етті. 
Оқушыларға әрі орыс жазуын, әрі латын жазуын үйретуге тура келді. Бұл – ұлтаралық 
тіл болып есептелетін орыс тілін үйренуді қиындатты. Осылар сияқты жағдайлардың 
нәтижесінде  латын  жазуын  бұдан  әрі  қолдану  түркі  халықтары  үшін  қолайсыз  деп 
танылды да, латын жазуы орнына орыс графикасына негізделген жазу қолданылатын 
болсын деген ұйғарым қабылданды. Түркі тілдері графикасы дамуының үшінші кезеңі 
– орыс әліпбиінің негізіндегі жазудың тарихы қалыптасты.
Үшінші кезең,  яғни орыс әліппесіне негізделген жазуға көшу кезеңі 1930 жылдар-
дың екінші жартысынан басталды. Қазақстанда ол 1938 жылдың орта кезінен бастал-
ды.  Бірақ  бұл  жұмыста  латын  графикасын  қабылдағандай  бір  орталықтан  басқару 
болмады.  Түркі  тілдес  Республикалардың  графикасы  ортақ  заңдылықтар  негізінде 
жүйеге келтіретін орталықтар болмады. Осы себептен түркі тілдес халықтардың ортақ 
графикалық жүйесі қалыптаспады. 
Латын  графикасынан  кирилицаға  көшу  жұмысына  басшылық  ету,  кирилица-
да  жоқ,  бірақ  қазақ  тілінде  бар  9  дауысты/дауыссыз  дыбыстарды  қандай  таңбамен 
таңбаланатындығы туралы ойлы пікірлер айтып, жаңа әліппенің жобасын жасаған – 
Сәрсен Аманжолов.
Басқа түркі халықтары сияқты қазақтар да орыс графикасына көшуді 1940 жылы 
аяқтады. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің бесінші сессиясы 1940 жылдың 10 қараша-
сында «Қазақ жазбасын латын алфавитінен орыс графикасы негізінде жасалған жаңа 
алфавитке көшіру туралы Заң» қабылдады. Бұл жаңа әліппеде 41 әріп бар, оның 32-сі 
орыс тіліндегі таңбалар, болса, қазақ тілінің өзіне тән 9 әрпі қосымша таңба ретінде 
берілді. Әрбір жаңалықтың бастамасында кездесетін шалыс басып қалушылықтардан, 
олқылықтар мен кемшіліктерден бұл кезең де үлессіз қалған жоқ...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет