Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ



Pdf көрінісі
бет124/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   165
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
Ғ. Қ. Хасанов
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 
университетінің профессоры, ф.ғ.д.
Елбасының  «Болашаққа  бағдар:  Рухани  жаңғыру»  атты  мақаласын  оқығанда 
жақсы әсер алдым. Мұнда маған жағымды әсер еткені мақаланың қазақ тілінде жарық 
көруі еді. Жалпы президенттің осының алдында жариялаған «Ұлытаудағы сөз» және 
«Нұрлы жол» атты жолдауынан кейін маған ұнаған осы тарихи құжат. Елбасы өз сөзін 
ұлттық санадан бастайды, бұл тегін емес, себебі сырты қазақ, іші мәңгүрт адамнан 
не пайда, не қайыр? Ұлттық санасы жоқ адамнан ұлтқа деген бір әрекет күтудің өзі 
қиын екенін білуіміз керек. Елбасы былай дейді: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани 
тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» [1]. Ұлттық санаға, ең алдымен, әсер 
ететін күш – ана тілі. Тілімізді реформалау ұлттық сананы жаңа деңгейге көтеретін 
қадам.  Осыған  байланысты  ол  саяси  болғандықтан,  елбасы  бұл  мәселені  көтеріп, 
халық талқысына ұсынады. Елбасы өз мақаласында былай деп жазады: «Біріншіден, 
қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» [1]. Ла-


241
тын әліпбиіне көшу мәселесінің айтылып келе жатқанына біраз уақыт болғанымен, 
бұл мәселе төңірегінде дау мен талас-пікір көп. Академик Ә. Қайдари, профессорлар 
Ә.Жүнісбек, С.Мырзабек, А.Мектептегі, А.Фазылжанова т.т. көптеген тілші-ғалымдар 
тарапынан ғана емес, басқа да сала адамдарын толғандырып, қолдарына қалам алғы-
зып отырған көкейтесті мәселе –  латын әліпбиі мәселесі. 
Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  академик  Ә.  Қайдари  алғаш  рет  осы  мәселені 
қозғап, орыс жазуына негізделген қазақ жазуының әліпбиінен латын әліпбиіне көшу ту-
ралы жазған еді. Латыннан бұрын қазақ тілінің таңбалық жүйесін жасауды шетелдік 
ғалымдар кириллицадан бастағаны белгілі.  «Қазақ жазуының теориялық негіздері» атты  
2010 жылы жарық көрген зерттеуінде Қ. Күдеринова қазіргі кириллицаға негізделген 
әліпбидің жобалары ХІХ ғасырдың соңына қарай жасала бастағанын жазады. Ол бы-
лай деп жазады: «Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ әліпбиі жобасын 
Н.И.Ильминский жасады. Н.И.Ильминский әліпбиіндегі қазақ тілінің өзіне тән дыбыс 
дауыстылардың таңбалары мынадай болды: (үстіне ноқат салды – Ғ.Қ.Хасанов) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет