Қазақстанның Қазіргі заман тарихы



Pdf көрінісі
бет19/38
Дата14.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#126391
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
Байланысты:
Тарих керек файл

Екінші кезеңде

 (1993 — 1996 жылдары) 1993 жылғы сәуірде мемлекеттік

меншікті мемлекет иелігенен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға

арналған   ұлттық   бағдарламасы   қабылданды.

 

Бұл   кезеңде   жұмыс



істеушілерінің   саны   200   адамнан   5   мың   адамға   дейінгі   мемлекттік   меншік

нысандарын жекешелендіруді көзделді.

 

1996 жылы



 республикадағы бұрынғы

мемлекеттік   бөлшек   сауда,   тұрмыстық   және   коммуналдық   қызмет   көрсету

жүйесі   толық   жекешелендірілді,   бәсекені   дамыту   мақсатында   шағын   жеке

меншік кәсіпорындар құруға мүмкіндік берілді. 



Үшінші кезеңде  

(1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика,

көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда

жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа

кәсіпорындар   үшін   жабық   акционерлік   қоғамдар   жекешелендірудің   негізгі

түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік

басқару   органдарына   құқық   берілді.   1994   жылдан   бастап   жекешелендіру

нысандарын

  сату саясаты жүргізілді. Сенімгерлікпен басқаруға келісім-шарт

жасалынған   66   кәсіпорынның   кейіннен   26-сы   басқарушы   компанияларға

сатылды. Жеке жобалар бойынша барлығы 93 кәсіпорын жекешелендірілді.

Бұл республиканың барлық өндірістік қуатының 80%-ын құрады.

Жекешелендіруді   Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік   мүлік

бойынша Мемлекеттік комитеті мен оның аумақтық органдары министрліктер,

ведомстволар мен жергілікті әкімшілдіктердің қатысуымен жүзеге асырды. 

58



Дегенмен, жекешелендірудің негізгі мақсаттары орындалмады: 

1) Кәсіпорындар экономиканы жандандыра алмады, оларда жеткілікті көлемдегі

инвестиция   да,   шетел   банкілерінің   несиелері   мен   қарыздары   бойынша

мемлекеттік кепілдіктері де болмады.

2) Жекешелендірілген   кәсіпорындардың   бәсекеге   қабілеттілігін   қолдау   үшін

құқықтық, экономикалық тетіктері болмады.

3) 1995-1996 жж. Қазақстанда толымды салық жүйесі де жоқ еді.

4)   Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендеуін тоқтату мүмкін болмады.

1998 жылдың көктеміне қарай төленбеген қарыздар көлемі шексіз өсіп, осыған

байланысты әлеуметтік жағдай әбден нашарлады. 1997-1998 жылдары Кентау

(Оңтустік   Қазақстан   облысы)   және   Жаңатас   (Жамбыл   облысы)   тау-кен

өнеркәсібі жұмысшылары ереуілдерге шығып, аштық жариялады. 



Төртінші   кезең

  -   1998   жылдың   аяғында   үкімет   мемлекеттік   мүлікті

басқару   жөніндегі   мемлекеттік   саясатты   жетілдіру   қажеттігін   түсінді.

Жекешелендіруді   және   мемлекеттік   мүлікті   басқарудың   тиімділігін

арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Меншікті

республикалық   және   коммуналдық   меншікке   нақты   бөлу   көзделді.

Жекешелендіруді   конкурстық   негізде   жүргізу   басты   талапқа   айналды.   2001

жылы   мемлекеттік   мүлікті   басқару   және   жекешелендіру   тұжырымдамасы

қабыданды. Тұжырымдамаға сәйкес ұлттық мәртебесі бар «ірі нысандарды»

конкурстық   негізде   жекешелендірудің   формалары   мен   әдістері   жетілдірілді.

Жекешелендірілген   ірі   кәсіпорындарға   бақылау,   шетелдік   және   ұлттық

компаниялар   қызметіне   қаржылық   мониторинг   күшейтілді.   Инвестициялық

ахуал оң нәтижелерін бере бастады, қазақстандық кәсіпкерлер капиталының

құйылуы   өрістеді.   Негізгі   капиталға   инвестиция,   негізінен   мұнай-газ

өнеркәсібіне,   металлургияға   және   және   тамақ   өнеркәсібіне   салынды.

Мемлекеттік инвестиция туралы бағдарламалар инфрақұрылым жобалары мен

күнкөрісті қамтамасыз ететін нысандарды қаржыландыру мақсатын көздеді.

1997 жылдан инвестициялық белсенділіктің артуы байқалды. Инвестицияның

өсуі 1999 жылмен салыстырғанда 2000 жылы 29,4 %-ды құрады. 2000 жылдың

бағалауы   бойынша   инвестицияның   жалпы   көлемінің   59%-ы   кен   өндіру

өнеркәсібіне, 11%-ы өңдеуші өнеркәсіпке, 8%-ы көлік саласына бөлінген.

Жекешелендіру нәтижесінде 2000 жылдың басында 100 мыңнан астам

жеке меншік кәсіпорын тіркелді, бұл кәсіпорындардың жалпы санының 82%-

ы еді.


1993 жылдың қарашасында отандық ұлттық валюта - теңгенің енгізілуі

республикамыздың   жылнамасындағы   ең   маңызды   оқиғалардың   бірі.   Теңге

ресми   түрде   1993   жылы   15   қарашада   енгізілді.   Ол   еліміздің   тәуелсіздігін

59



нығайту   жолындағы   түбегейлі   әлеуметтік-экономикалық   реформаларды

жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды.

1992   жылы   рубль   аймағында   Қазақстан,   Өзбекстан,   Ресей   және

Тәжікстан елдері ғана қалды. 1993 жылы Ресейдің Орталық Банкі жаңа 50

рубльдік   ақша   белгісін   енгізді.   Дегенмен   оны   Қазақстанға   бермеді.   Шын

мәнісінде Ресей Қазақстанды рубльдік аймақтан ығыстырып шығарды.  

1993   жылы   3   қарашада   Президенттің   Жарлығымен   құрылған   Ұлттық

валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің

тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі,

тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол

ақшаны   айырбастау   коэффициенті   мен   лимиттері,   валюта   бағамын

қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. 

1994 жылы республикада рубльдің қолданылуы біржола тоқтатылды. 

«Қазақстан   Республикасының   Ұлттық   Банкі   туралы»   Қазақстан

Республикасының 1993 жылғы 13 сәуірдегі  Заңы оның банктік жүйедегі орны

мен   рөлін,   құқықтық   дәрежесін,   қызметін,   міндеттерін   және   Қазақстан

Республикасының   мемлекеттік   өкімет   органдарымен   өзара   қатынасын

белгіледі. 

Ұлттық Банк елдің орталық банкі ретінде еліміздің экономикалық дамуы

және оның әлемдік экономикаға бірігуіне қолайлы макроэкономикалық жағдай

жасауға   мүмкіндік   беретін   мемлекеттік   ақша-кредит   саясатын

қалыптастырады және іске асырады. 

Ұлттық валюта енгізілгеннен кейінгі алғашқы екі жыл еліміз үшін өте

қиын   жылдар   болды.   Жалпы   экономикалық   сипаттағы   объективтік

қиындықтар   (бағаны   ырықтандыруға   және   өндірістің   құлдырауына

байланысты   инфляцияның   жоғары   деңгейі,   импорт   тауарларына   деген

қанағаттандырылмаған   сұраныстың   едәуір   көлемі)   шетел   валютасына

сұраныстың өсуіне, ал ізінше бағаның өсуіне әкеліп соқты. Теңге айналымға

енген алғашқы 7 айда 8 есе құнсызданды. 

Теңгенің экономикалық өсімге тікелей қызмет жасауын қамтамасыз ету

қажет болды. Бұған дейін теңге құлдырап бара жатса, Ұлттық банк өзіндегі

алтын-валюта қорынан қосымша ақша жұмсап, оны реттеп отыратын. Бірақ

бұл әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты. Теңгенің шын бағамын

белгілеу үшін оны еркін жүзуге жіберу керек болды. 

Республика   тарихындағы   маңызды   оқиғаның   бірі   –   елдің   дамуының

болашақ   бағыттарын   айқындап   берген   1997   жылдың   қазан   айындағы   Ел

Президенті   Н.Ә.   Назарбаевтың   «Қазақстан   -   2030»   даму   стратегиясы.

Стратегия аясында бірнеше ортамерзімді стратегиялық даму жоспарлары мен

бағдарламалары   өмірге   келді.   Ол   бағдарламалар   мен   жоспарлар   елді

экономикалық   дағдарыстан   шығу   жолдарын   қарастыруды,   реформаларды

аяқтауды,   алдыңғы   қатарлы   мемлекеттер   қатарына   қосылуды,   «Қазақстан

барысын» қалыптастыруды  көздеді.

Қазақстан   өзінің   тәуелсіздігін   жариялаған   алғашқы   күндерден-ақ

жоспарлы орталықтанған экономикадан нарыққа өтудің басты тетіктерінің бірі

60



ретінде ел экономикасына инвестициялық ресурстарды тартуды қолға алды.

Бұл   отандық   және   шетелдік   инвестицияларды   тартуда   қолайлы

инвестициялық климат қалыптастыруды талап етті. 

Елбасы   Н.Ә.Назарбаев  «біздің   міндетіміз   -   әлемдік   қоғамдастық

алдында Қазақстанды инвестициялар үшін тартымды орын ретінде көрсету,

маңызды   салаларға   инвесторларды   белсене   тарту»,   -   деп   көрсете   келе,

мәселеге ерекше басымдық берді. Шетелдік компаниялар, фирмалар мен жеке

кәсіпкерлер   де   Қазақстанның   инвестициялық   климатын   жоғары   бағалайды.

Олардың қатарында бай табиғи  кен көздері, кәсіби маман кадрлар мен арзан

жұмыс күшінің сыртында тиімді геосаяси жағдай, саяси ахуал мен ұлтаралық

қатынастардың тұрақтылығы ерекше орын алады. 

1991-2010   жылдар   аралығында   елге   140   млрд.   долл.   шетел

инвестициясы, оның ішінде 80 млрд. тікелей инвестиция тартылған. Негізгі

инвестор-елдер   қатарында   Нидерланды,   АҚШ,   Франция,   Қытай,   Жапония,

Ұлыбритания бар.

Дүниежүзілік даму Банкі әлемнің инвестиция үшін тартымды жиырма

елдің қатарына Қазақстанды да қосты. 

2.

 

2007   жылы   тамызда   АҚШ-тың   ипотекалық   жүйесінде   басталған

дүниежүзілік экономикалық дағдарыс көптеген мемлекеттерді экономикалық

құлдырауға   әкеліп   соқты.   Дағдарыс   Қазақстанды   да   айналып   өткен   жоқ.

Қолайсыз   сыртқы   жағдай   біздің   компанияларымыздың   мүмкіндіктерін

азайтты.  Әлемдік  қор  биржасында   шикізат бағасының   түсуі  де   оны   өндіру

көлемін тежеді. 

2007  жылы   күзде   мемлекеттік  бюджеттен  550  млн  теңге  бөлінді,  бұл

тұрғын   үй   құрылысының   жандануына   мүмкіндік   берді.   Шағын   және   орта

бизнеске   көмек   ретінде   155   млрд   теңге   бөлінді.   Аграрлық   секторға   азық-

түлікті қамтамасыз ету үшін 135 млрд теңге бөлінді. Қаржы секторындағы

қиындықты   сезген   Ел   басы   Н.Назарбаев   4   млрд   доллар   мөлшерінде   ұзақ

мерзімді несиені қамтамасыз етті. 

Елбасының шешімімен 2008 жылдың қазан айында

 

«Самұрық-Қазына»



ұлттық әл-ауқат Қоры» акционерлік қоғамы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет