Қазақстанның Қазіргі заман тарихы



Pdf көрінісі
бет21/38
Дата14.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#126391
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Байланысты:
Тарих керек файл

 

жылдың 29 қаңтарындағы



 

Қазақстан Республикасы Президентінің



«Жаңа   онжылдық   –   Жаңа   экономикалық   өрлеу   –   Қазақстанның   жаңа

мүмкіндіктері»

  атты Қазақстан халқына Жолдауының ерекшелігі - алдыңғы

онжылдықты   қорытындылай   келе,   Қазақстанның   болашақ   онжылдығының,

яғни Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын анықтап

беруінде болды.

2010 жылы

 

«Бизнестің  жол картасы  –  2020» бағдарламасы  Қазақстан



Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу –

Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму  жоспарын іске асыру

үшін әзірленген. 

Бағдарламаның   мақсаты   экономиканың   шикізаттық   емес

секторларындағы   өңірлік   кәсіпкерліктің   тұрақты   және   теңгерімді   өсуін

қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты

жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. 

Қазақстанның   индустриалды–инновациялық   бағдарламасы   негізінен

жалпы   экономикалық   өсуге  бейімделген.   Аталмыш   бағдарлама  мемлекеттің

белсенді көмек көрсетуі арқылы жоғарғы құнды өнім өндіру және шетелге

шығару, бәсекелестік қабілеті бар бейтараптандырылған өнеркәсіп құру және

62



ұзақ мерзімдік жағдайда сервистік-технологиялық экономикаға көшудің алғы

шарттарын дайындау арқылы тұрақты экономикалық дамуды қалыптастыруды

көздейді. Осы онжылдық бас жоспар екі

 

бесжылдық кезеңге бөлініп жүзеге



асырылмақ. Алғашқы кезеңде

 

2010-2014 жылдарға арналған индустриалды-



инновациялық жедел даму бағдарламасы

 

қолға алынды. 



Қазақстан  Республикасының   индустриалды-инновациялық  жедел

 

даму



бағдарламасы 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнімді 7 триллион теңгеге дейін

жеткізуді көздеді. 

Қазақстан   Республикасының   президенті   Н.   Назарбаев   ел

экономикасының жедел индустриалды даму кезінде негізге алынатын басым

бағыттарды айқындап берді.

Осы   орайда   индустриялдық–инновациялық   бағдарламаны   үш   кезеңде

іске асыру көзделген. 

Бірінші кезең

 – 2003-2005 жылдарға жоспарланған. 



Екінші кезең

 2005-2010-жылдар. 



Үшінші кезең

 - 2011-2015 жылдарға жоспарланды.

3.

 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы

жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауын жария етті.

Жолдауды   іске   асыру   мақсатында   инфрақұрылымды   дамытудың   2015-2019

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  әзірленді.  

Бағдарлама елдің  макроөңірлерін біріктіру және хаб қағидаты бойынша

бірыңғай нарықты қалыптастыруға негізделген жаңа экономикалық саясатты

іске асыруға бағытталып отыр.

«Нұрлы   жол»   бағдарламасы   негізінен   экономикалық   дағдарыстардың

алдын   алып,   барша   қазақстандықтардың   әлеуметтік   ахуалын   төмендетпеуді

көздейді.   Бағдарламаны   іске   асыруға   Қазақстан   Республиксының   Ұлттық

қорынан 2015 жылы – 796 млрд теңге, 2016 жылы – 379 млрд  теңге, ал 2017

жылы   –   3   млрд   АҚШ   доллары   эквиваленті   көлемінде   қаражат   бағыттау

жоспарланған. «Нұрлы жол» бағдарламасы негізгі екі блоктан тұрады. Оның

бірінішісі   –   инфрақұрылымды   дамыту.  Бұл   блогтағы   жобалар   төмендегі   7

бағыт бойынша өрбімек:



Бірінші

.   Көліктік-логистикалық   инфрақұрылымдарды   дамыту.   Ол

макроөңірлерді   хабтар   қағидаты   бойынша   қалыптастыру   аясында   жұзеге

асырылатын болады. Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және

макроөңірлерді   магистралды   автомобиль,   теміржол   және   әуе   жолдарымен

шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады... Президент Н.Назарбаев

Үкіметке Қытайдың, Иранның, Ресей мен ЕО елдерінің «құрғақ» және теңіз

порттарында   терминалдық   қуаттар   салу   немесе   жалға   алу   мәселесін

ойластыруды тапсырды.

Екінш

і.

 



Индустриялық

 

инфрақұрылымдарды



 

дамыту.


«Инфрақұрылымдық   жобаларды   жүзеге   асыру   құрылыс   материалдарына,

көлік-коммуникациялық,   энергетикалық   және   тұрғын   үй-коммуналдық

салалар   үшін   өнімдер   мен   қызмет   көрсетулерге   үлкен   сұраныс   тудырады.

Осыған байланысты, біріншіден, жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық

63



аймақтарда   инфрақұрылымдар   қалыптастыру   жұмыстарын   аяқтау   керек.

Екіншіден,   өңірлерде   ШОБ   өндірісін   дамыту   мен   қосымша   инвестициялар

тартуға   бағытталған   жаңа   индустриялық   аймақтар   салу   мәселесін

ойластырған жөн...»,- деп көрсетті Президент Н. Назарбаев.



Үшінш

і. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Мұнда Елбасы екі

жобаға назар салу керектігін атап өткен. Олар «Екібастұз - Семей – Өскемен»

және   «Семей   –   Ақтоғай   –   Талдықорған   -   Алматы»   бағыттарында   жоғарғы

вольтты   желілер   салу   қажеттігі.   Бұл   қазақстандық   электр   стансаларының

елдің   барлық   өңірлерін   теңдестірілген   энергиямен   қамтамасыз   етуіне

мүмкіндік береді.

 

Төртінші.  

ТКШ-мен   су   және   жылумен   қамтамасыз   ету   желілері

инфрақұрылымдарын   жаңғырту.   Инфестицияларға   жалпы   қажеттілік

қаржыландырудың барлық көздерінен 2020 жылға дейін жыл сайын ең азы 200

миллиард   теңге   бөлгенде   кем   дегенде   2   триллион   теңгені   құрайды.   Бүгін

ТКШ-ны   жаңғыртуға   инвестициялар   салуға   Еуропа   Қайта   құру   және   даму

банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, сондай-ақ, жеке инвесторлар үлкен

қызығушылық танытып отыр.

Бесінші.  

Тұрғын   үй   инфрақұрылымдарын   нығайту.   Агломерациялар

қалыптастыру  айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа жүреді. Бұл еңбек

нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына

қысым   туғызады.   Сондықтан   жалға   берілетін   тұрғын   үй   құрылысына

көзқарасты қайта  қараған жөн. Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы

салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға

ұсынады... 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын

қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз, - деп

көрсетті Н. Назарбаев.



Алтыншы.  

Әлеуметтік   инфрақұрылымдарды   дамыту.  Бірінші   кезекте,

бұл – апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу. Бұл

бағыт   бойынша   Елбасы   Н.   Назарбаев   «Бұл     -   біздің   Сайлауалды

тұғырнамамыздың   негізгі   индикаторларының   бірі.   Үшжылдық   бюджетте

қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік

бермейді.   Сондықтан   Үкіметке   қосымша   70   миллиард   теңге   бағыттауды

тапсырамын...», - деді Елбасы Н. Назарбаев.



Жетінші.

  Шағын   және   орта   бизнес   пен   іскерлік   белсенділікті   қолдау

бойынша жұмысты жалғастыру. 

«Нұрлы   жол»   мемлекеттік   бағдарламаындағы   кешенді   жоспардың

екінші   блогы   –   2015   жылғы   дағдарысқа   қарсы   шаралар.   Бұл   да   7   бағытта

айқындалған.

Бақылау сұрақтары:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет