Қазақстанның Қазіргі заман тарихы



Pdf көрінісі
бет23/38
Дата14.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#126391
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
Байланысты:
Тарих керек файл

Дәрістің мақсаты: 

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жүргізген

әлеуметтік реформалары және отандық білім беру жүйесін модернизациялау

мен   оның   жаһандану   үрдісіндегі   интеграциялануын   қамтамасыз   ету

бағытындағы шараларға талдау жасау.

Дәрістің   мазмұны:

 

Қазақстанның   тәуелсіздік   жылдарындағы

әлеуметтік   саладағы   реформалары,   ондағы   жетістіктер   мен   қиыншылықтар

және білім беру жүйесіндегі модернизация үрдісінің барысы қарастырылады.

1. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан алдында тиімді әлеуметтік саясат

пен   қоғамның   барлық   саласында   кешенді   реформалар   жүргізу   міндеттері

тұрды.   Бұл   реформалар   халықтың   әл-ауқатын   күшейтуге   бағытталуы   тиіс

болды. 


Халықаралық   тәжірибені   зерделеу   халықты   әлеуметтік   қорғаудың

неғұрлым тиімді және кешенді жүйесінің төмендегідей басты элементтерден

тұратындығын көрсетеді:

мемлекеттік жәрдемақы;



міндетті әлеуметтік сақтандыру;

жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету;



әлеуметтік көмек.

Республикада   90   жылдары   осы   бағытта   біршама   шаралар   жүзеге

асырылды. Бірнеше арнайы құрылымдар мен қоғамдық қорлар қалыптасты.

Олардың   қатарында   Жұмыспен   қамтуды   қамтамасыз   ету   мемлекеттік   қоры

(1991 ж.); Зейнетақы қоры (1991 ж.), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

(1992   ж.),   «Бөбек»   қоғамдық   қоры   (1992   ж.),   т.б.бар.   Мұның   сыртында

бірқатар нормативті-құқықтық актілер қабылданды.  

Дегенмен   бұл   құрылымдар   мен   заң   актілері   елдегі   әлеуметтік-

экономикалық,   құқықтық,   демографиялық   жағдайды   түзей   алмады.   КСРО

заңдары   мен   ҚазКСР   Жоғарғы   Кеңесі   қабылдаған   заңдар   аясында   өмірге

келген бұл құқықтық нормалар арасында үлкен алшақтық байқалды. 

Қаржылық-экономикалық   дағдарыс   тұрғындардың   өмір   сүру   деңгейін

күрт   нашарлатты.   Осы   жылдардағы   ұлттық   армия   құру,  шекараны   бекіту,

65



кедендік бақылау орнату, елдің дипломатиялық корпусын құру сияқты кезек

күттірмес   мәселелерді   шешу,   оны   қаржыландыру   әлеуметтік   саланы

қаржыландыруды   қысқартуға   мәжбүрледі.   Республикада   жұмыссыздар   саны

күрт   өсті.   Олардың   40%-ы   ауыл   тұрғындарының   үлесінде   болды.   Осы

жылдары   жұмыссыздықтың   ең   жоғары   деңгейі   Маңғыстау,   Солтүстік

Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көрініс тапты. 

Экономикадағы   дағдарыс   тұрғындарды   жұмыспен   қамтамасыз   етуді

қиындата   түсті.   Нәтижесінде   1996-2000   жылдар   арасындағы   жұмыссыздық

деңгейі 13,5%-дан 12,8%-ға дейін тұрақсызданып тұрды. Азаматтардың нақты

табысы қысқарды. 1991 жылмен салыстырғанда ол 1999 жылы шамамен 10%-

ды   құрады (мысал үшін – Молдавияда,     Украинада, Әзірбайжанда – 25%,

Ресейде-50%).

Елдегі   әлеуметтік-экономикалық   тұрақсыздық   көші-қоң   үрдісінің   кең

етек алуының бірден-бір себебіне айналды. 1993 -1999 жылдар аралығында

елден 3 280,4 мың   адам көшіп кетіп, 1 643 мың адам көшіп келді. Осындай

көші-коң салдарынан Республика халқы 1 637,3 мың адамға кеміді. 

Әлеуметтік   салада   түбегейлі   өзгерістер   қажет   болды.   Бұл   тұтас,   әрі

жүйелі   мемлекеттік   әлеуметтік   саясатсыз   мүмкін   болмады.   1993   жылы

Қазақстан   Республикасы   Президенті   Н.   Назарбаев   осы   бағыттағы   тәуелсіз

Қазақстанның   алдындағы   тұрған   міндет   «әлеуметтік   үлгідегі   нарықтық

экономикаға негізделген мықты егеменді мемлекет құру» деп белгілеп берді.

Президенттің   осы   тұжырымдамалық   идеясын   басшылыққа   алған   атқарушы

үкімет әлеуметтік саладағы басты бағыттарды айқындады:

- зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы отбасылар, балалар мен жастар,

басқа   да   жеткілікті   түрде   қамтамасыз   етілмеген   азаматтарды   әлеуметтік

қорғауды жүзеге асыру;

-   әлеуметтік   және   экономикалық   қайта   құруларды   жүзеге   асырудың

басты факторы ретінде жеке кәсіпкерлікті қалыптастыру;

- мемлекеттік емес құрылымдарда жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді

және   экономикалық   тетіктірді   кеңейту   есебінен   тұрғындарды   әлеуметтік

топтастыруға жағдай туғызу;

- әлеуметтік қорғаудың қосымша тетіктері ретінде сақтандыру жүйесін

дамыту;

- әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен аймақтардың әлеуметтік

даму деңгейін көтеру.

Елдің дамуының болашақ бағыттарын айқындап берген 1997 жылдың

қазан   айындағы   Елбасы   Н.Ә.   Назарбаеватың   «Қазақстан   -   2030»   даму

стратегиясында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын

көтеру басты жеті басымдықтың бірі болды.

1996   жылы   Қазақстан   Республикасының   «Міндетті   әлеуметтік

сақтандыру   туралы»   Заңы,   ал   2001   жылы   «Қазақстан   Республикасының

халықты әлеуметтік қорғау Тұжырымдамасы» қабылданды.  Тұжырымдамада

Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік  қорғау жүйесін дамытудың

негізгі бағыттары,  әлеуметтiк қорғаудың негiзгi тетiктерi, халықты әлеуметтiк

66



қорғау   жүйесiн   қаржылық   және   институционалдық   қамтамасыз   етудi

жетiлдiру бағыттары және оны iске асырудың кезеңдерi нақтыланды.  

2010 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 745, 8

мың адамды құрап. 184, 5 мың адам арнайы көмектерге ие болды. 

1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз

ету туралы» Заң жарық көрді. 

Қазақстан   Республикасының   Еңбек   және   әлеуметтік   қорғау

министрлігінің   мәліметтері   бойынша   2010   жылы   Қазақстанда   1,6   млн

зейнеткер тіркелген. Осы 2010 жылы зейнетақының төменгі көлемі - 18 325

теңгені, орташа деңгейі - 27 481 теңгені құрады. 

Әлеуметтік   қорғау   саясатының   бір   тармағы   –   халықты   жұмыспен

қамтудағы кепілдіктер еді. Мәселені шешу жолындағы маңызды кезең – Жол

картасы   бағдарламасы   болды.   Бағдарлама   елдегі   жұмыссыздықты   азайту

жолындағы   бірден-бір   мүмкіндік   болды.   «Жол   картасы»   шеңберінде   жүз

мыңдаған   адамдар   қайта   даярлықтан   өтіп,   400   мыңға   жуық   жұмыс   орны

ашылды.   Президенттің   «100   мектеп,   100   аурухана»   бағдарламасы   өз

нәтижелерін берді. 

Тәуелсіздіктің   алғашқы   күндерінен-ақ   мемлекеттің   әлеуметтік

саясатында   аналар   мен   балаларды   қорғау,   әйелдер   арасында   кәсіпкерлікті

дамыту мәселелері ерекше жолға қойылды. 

2009 жылы 2009-2015 жылдарға арналған әйелдер кәсіпкерлігін дамыту

Бағдарламасы бекітілді. 2009-2010 жылдары оны жүзеге асыруға мемлекет 9

млн доллар қаржы бөлді. 

2010   жылы     мемлекет   әйелдердің   бала   туу   жәрдемақысына   15   млрд

тенге, 1 жасқа толмаған балаларға қарау үшін 19 млрд тенге қаржы бөлген. 

2010   жылы   Қазақстан   Республикасы   Президентінің   арнайы

тапсырмасымен  «Балапан»  Бағдарламасын   жүзеге  асыру  қолға   алынды.  Бір

жылдың   ішінде   35   балалар   бақшасы,   137   мектепке   дейінгі   жеке   меншік

мекемелер, 1,5 мыңнан астам балалардың шағын орталықтары салынды.

Мемлекет   басшысы   Н.Ә.   Назарбаев   2012   жылдың 3   шілдесінде

«Қазақстанның   әлеуметтік   жаңғыртылуы:   Жалпыға   Ортақ   Еңбек   Қоғамына

қарай   20   қадам»   бағдарламасын   жария   етті.   Онда   басты   мәселе   -  әр

қазақстандыққа   қамқорлық   көрсету   деп   міндеттеді.  Елбасы   «...біздің

әлеуметтік   саясат   бәсекеге   қабілетті   және   күшті   Жалпыға   Ортақ   Еңбек

Қоғамын құруға  бағытталуы  тиіс, шындықты  мойындайық: болашақта  XXI

ғасырда   тек   еңбек   қана   барлық   қазақстандықтардың   әл-ауқатқа   және   жаңа

өмір   сапасына   қол   жеткізуін   қамтамасыз   ете   алады»,-   дей   келе

қазақстандықтарды әлеуметтік жаңғыру жолында еңбекке үндеді.

Әлеуметтік   саясаттағы   келесі   бір   қадам   ретінде   2012   жылы   14

желтоқсанда   Елбасы   Н.Ә.   Назарбаев   «Қазақстан   -   2050»:   Қалыптасқан

мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы, онда жаңа стратегиялық мақсат -

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатын қойды.

Мемлекет басшысы дамудың екі шешуші бағытының маңызын атап көрсетті -

67



бұл адами капиталды дамыту және кәсіпкерлік пен инновациялардың одан әрі

өсуі үшін қолайлы ортаны қалыптастыру. 

2.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет