12 дәріс. Дамудың қоғамдық-саяси перспективалары.
Этнодемографиялық үрдістер және ұлтаралық келісімнің күшейуі
1. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру.
Саяси партиялардың дамуы және партиялық жүйе.
2. Азаматтық қоғамның дамуы және оның саяси институттары. ҚР-ғы қоғамдық
қозғалыс.
3. Қазақстандағы миграциялық және демографиялық үрдістер, халықтың
этникалық және әлеуметтік құрамындағы өзгерістер. «Нұрлы көш»
бағдарламасы.
Дәріс мақсаты:
қоғам өмірін демократияландырудағы саяси партиялар
мен қозғалыстардың рөлін ашып көрсету. Дәстүрлі және президенттік
институттардың пайда болу тарихын талдау және халық құрамындағы
өзгерістерді зерделеу.
Дәрістің мазмұны:
Қазақстанның тәуелсіздік жағдайындағы қоғамдық-
саяси өмірін демократияландыру, азаматтық қоғамды дамыту, республикадағы
72
миграциялық және демографиялық үрдістерді реттеу бағытындағы іс-шаралар
қарастырылады.
1. 1985 жылдан кейінгі Қазақстан эволюциясының басты қорытындысының бірі
- саяси плюрализм арқылы көппартиялық жүйеге өту болатын. Біртіндеп
саясиландырылған қозғалыстардың жаппай өрістеуі Қазақстанда
көппартиялықтың қалыптасуына жол ашты. Негізі, азаматтық және саяси
қозғалыс барысында өз еркін білдіруге деген құқықты пайдалануға талпыныс
1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінен бастау алған еді. Ал
көппартиялық үрдісін қалыптастыру болса, ол діни және саяси радикализм
мен экстремизмге тосқауыл қоюға, барлық саяси партиялар мен
қозғалыстардың, олардың қоғамдағы билік құрылымдарымен тиянақты және
тұрақты пікірталас аясын кеңейту мүмкіндігін туғызды. Сонымен бірге,
көппартиялық үрдіс кез келген партия мен топтар тарапынан саяси билікті
монополиялауға тосқауыл қоюға жағдай жасады. Сөйтіп, еліміз тәуелсіздік
алғаннан кейін қоғамдық бірлестіктердің, ең алдымен партиялар мен
қозғалыстардың қызметі арқылы басталған өзгерістер неғұрлым тиімді түрде
жүзеге асырыла бастады.
Ақыры демократиялық үрдістер барысында қоғамда көппартиялық жүйе
қалыптасты. Көппартиялықты құқықтық жағынан реттеу Қазақстан
Конституциясының 5-бабында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
«Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.5. 1996.) және «Саяси партиялар туралы»
(2.7.1996) заңдарында қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, 1999 ж. республикада
14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар және
бірлестіктер құрылды.
Қазақстанның көппартиялық жүйесі дамуының кейінгі кезеңінде
Қазақстанның «Азаматтық» партиясы (1998 ж.), Қазақстан республикалық
халықтық партиясы (1998 ж.), Қазақстанның аграрлық партиясы (1999 ж.),
Республикалық «Отан» партиясы (1999 ж.) болып дүниеге келген партия, 2006
жылы «Асар» партиясымен бірігіп «Нұр Отан» партиясы болып өзгертілді),
«Азамат» демократиялық партиясы (1999 ж.), Қазақстан әйелдерінің
демократиялық партиясы (1999 ж.), Қазақстан патриоттарының партиясы
(2000 ж.), «Нағыз Ақ жол» демократиялық партиясы (2006 ж.) құрылды.
2002 ж. 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» жаңа
заңның негізінде саяси партиялардың құқықтық негіздері, олардың жалпы
құқықтары мен міндеттері, қызметтерінің кепілдіктері заңдастырылып, саяси
партиялардың мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қатынастары
реттелді. Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасыр дамуында ресми мәртебе алған
екі мыңға жуық түрлі қоғамдық және саяси бірлестіктер пайда болса, олардың
1300-і облыстық әділет басқармасы деңгейінде тіркелді.
2. Егемендік жағдайындағы Қазақстанның азаматтық қоғамының қалыптасуы
1900 жылдан басталады. Дәл осы жылдың қазан айында Казақ КСР
кәсіподақтарының Х1V cъезі болған еді. Онда 19 облыстық және 22 селолық
кәсіподақ бірлестіктері
Қазақстан кәсіподақтары федарациясын
құрып, оның
73
құрылтайшылары мен мүшелері болып тіркелді. Федерация қызметінің негізгі
формасы - еңбкшілердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау,
тұрмыс, мәдениет, жұмыспен қамту, өз ұсыныстарын әзірлеу жолымен заң
шығарушылық қызметке қатысу. Осы айтылғандардың көрінісі ретінде, 1993
жылы Республикадағы «Кәсіподақтар туралы» Заң қолданысқа енді де, бұл
заң бойынша кәсіподақтарға депутаттыққа кандидаттар ұсыну құқығы берілді.
Мұның өзі олардың мүдделерін жоғары заң шығарушы орындарда талап
етуіне және мемлекетте жүргізілетін әлеуметтік-экономикалық саясат
бағытына ықпал етуіне мүмкіндік берді.
Қазақстанның
әйелдер қозғалысы да
азаматтық қоғамдық сектордың
дамуына өз үлесін қосып келеді. 1995-1998 жж. Қазақстанда
әйелдер
қозғалысы
жанданып, республикадағы әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары 6
есеге өсті. Республикалық мұсылман әйелдері лигасынан басқа «Айша», «Ақ
отау», «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер қауымдастығы», «Жанар» кәсіпкер
әйелдерді қолдау қоры, Шығармашылық бастама көтеруші әйелдердің лигасы
т.б. ұйымдар құрылды.
2002 жылы 20 қыркүйекте елімізде құқықтық реформаның жаңа кезеңі
басталды. Қазақстандағы құқықтық реформаны жүзеге асыру бағытындағы
маңызды қадамдар – Қазақстан Республикасы бойынша өкілдік
институттарының (Омбудсмен) енгізілуі мен сот жүйесіндегі алқа билер
сотының тәжірибеге енгізілуі болды. Сондай-ақ, Қарулы күштер мен Ішкі
істер министрліктерінің басшылығына азаматтық министрлердің
тағайындалуы да құқықтық реформадағы тәжірибелердің бірі болып
табылады. Бір сөзбен айтқанда, елде азаматтық қоғам неғұрлым дамыған
болса, мемлекет те соғұрлым дамитын болады.
Егер біз дәстүрлі қазақ қоғамындағы
мемлекеттік билік мәселесін
сөз
етер болсақ, өз кезегінде, халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатты
жүргізуде
хан
басты тұлға ретінде танылған. Ал хан атынан оның тапсырмасы
бойынша сұлтандар, батырлар, билер келіссөздер жүргізіп, таяу-алыс
шептерге сапарға шығып тұрған. Бүгінгі егеменділік жағдайында, ата
заңымызға сәйкес хандық дәуірдегі сияқты Президент - мемлекет басшысы,
мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағытын анықтаушы
және Қазақстанды ел іші мен халықаралық қатынаста көрсетуші ең жоғарғы
қызмет иесі бола отырып,
біріншіден,
халық пен мемлекеттік биліктің бірлігін
бейнелейді, Конституцияның мызғымастығын, адам және азамат құқықтары
мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі болып табылады,
екіншіден,
мемлекеттік билік тармақтарының өзара үйлесімді түрде әрекет етуін, билік
орындарының Қазақстан халқы алдында жауапкершілікті сақтауын
қамтамасыз етеді. Біздегі саяси институттар шеңберінде заң шығарушы
органды жетілдіру мақсатында
екі палаталы Парламент
жұмыс істейді. Біздің
еліміз президенттік республика болғандықтан «үкімет» деп аталатын
атқарушы биліктің басшысы да - Президент.
Сонымен, Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси ұйымдардың
дамуын шартты түрде негізгі
бес кезеңге
бөлуге болады:
74
I - 1986 жылдың күзінен 1989 жылға дейінгі аралық - партия ізін қуған
(протопартиялық) құрылымдардың қалыптасуы, жастардың саяси пікір-сайыс
клубтарының, тарихи-ағартушылық қоғамдардың, азаматтық бастама
қозғалыстарының, бейресми бірлестіктердің, «Жасыл майдан» т.б.
экологиялық топтардың пайда болуы;
II – 1989 жылдың басы – 1991 жылдың тамыз аралығы- «Невада-Семей»
қозғалысының, «Мемориал», «Әділет», «Желтоқсан», «Қазақ тілі»
қоғамдарының, «Бірлесу» тәуелсіз кәсіподағының құрылуы;
III – 1991 жылдың қыркүйегінен 1998 жылға дейінгі аралық - партиялар мен
қоғамдық бірлестіктерді тіркеу;
IV – 1989 жылдан 2007 жылға дейінгі аралық (партиялық заң жүйелерін
өзгерту, жаңа партиялардың пайда болуы, 1999 және 2004 жылдардағы
Парламент сайлауына партиялардың қатысуы);
V - 2007 жылдан казіргі кезге дейінгі аралық (конституциялық және партия
жүйесінің құрылымындағы өзгерістер).
3.
Демографиялық ахуалдың өзгеруі.
1991 жылдан Қазақстанда белсенді
миграциялық үрдістер басталды. Қазақстан Республикасында Көш-қон туралы
арнайы заң қабылданды, Тіпті, көші-қоң және демография жөніндегі агенттік
құрылды. Біздің еліміздің тәуелсіздік алуымен жүргізілген мұндай шаралар
өмір талабы еді. Өйткені, сан жылдар бойы республиканың ұлттық құрамы
кірме
халықтардың есебінен мүлде азайып кетуімен ерекшеленетін. Мәселен,
1979 жылғы Бүкілодақтық халық санағының деректері бойынша
Қазақстандағы байырғы тұрғындар өз жерінде не бәрі 36%-ды құраған. Ал
бұндай көрсеткіш Өзбекстанда 68,79%, Әзербайжанда 79,196 ал Тәжік КСР-
інде 59,89% құраған.
2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша республика
тұрғындарының саны – 16 004,8 мың адамды құрады. Сөйтіп, 1999 жылғы
санақпен салыстырғанда халық санының өсімі 6,8 %-ды құрап, республика
халқының саны – 1 052, 1 адамға өскен. Нәтижесінде, қазақтардың үлесі 63,1
%-ды, орыстар 23,7 %-ды, өзбектер 2,8%-ды, украиндар 2,1 %-ды, ұйғырлар
1,4 %-ды, татарлар 1,3 %-ды, немістер 1,1 %-ды және басқа этностар 4,5 %-ды
құрады. Қазақтар саны өткен санақпен салыстырғанда 26,1%-ға өсіп, 10 098,6
мың адамды құрады. Ұлттық унитарлы мемлекетті дамытудың басты
факторларының бірі ретінде мұнымен санаспауға болмайды.
Еліміздің ширек ғасыр ғұмырында 500-ден аса денсаулық сақтау
объектілері салынды. Елдің барлық өңірлерінде заманауи медициналық
орталықтар құрылуда, ең жаңа құрал-жабдықтармен жарақталған ауруханалар
мен емханалар ашылып жатыр. Нәтижесінде Қазақстанда демографиялық
ахуал жақсарып, халықтың табиғи өсімі 1,7 есеге дерлік артты.
Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы.
Дүниежүзі қазақтарының
Құрылтайы 1992 жыл мен 2017 жылға дейін 5 рет өткізілді. Құрылтайда
қабылданған шешімдер аясында атқарылған іс-шаралар нәтижесінде
атамекенге ширек ғасыр ішінде 300 мыңға жуық отбасы көшіп келді.
75
Осылайша ел халқының саны 1 миллионнан астам қазақтармен толықты.
Президенттің Жарлығымен 2008 жылдан бастап қандастардың жыл сайынғы
көшіп келу квотасы 20 мың отбасыға өсті. Елге оралған ағайынның көшін
жүйелеу мақсатында «Нұрлы көш» бағдарламасы қабылданып, мемлекет
қазынасынан қомақты қаражат бөлінді.
Бақылау сұрақтары:
Достарыңызбен бөлісу: |