Қазақстанның Қазіргі заман тарихы



Pdf көрінісі
бет28/38
Дата14.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#126391
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
Байланысты:
Тарих керек файл

Дәрістің   мақсаты:

  ҚР   мемлекеттік   жастар   саясатының   мақсаты   мен

міндеттерін айқындау және Қазақстандағы діни конфессиялардың қалыптасуы

мен даму беталыс бағыттарын талдау.    



Дәрістің мазмұны:

  Қазақстан Республикасындағы жастар саясатының

басты   бағыттары,   республикадағы   діни   конфессионалдық   жағдай,

мемлекеттің конфессионалдық саясатының   негізгі   міндеттері   мен

ұстанымдары мәселелері қарастырылады. 

1.   Қазақстанды   дамытудың   маңызды   мәселелері   қатарында   жастар

тақырыбы ерекше орын алады.

  Қазіргі кезде жастар үшін негізгі әлеуметтік

мәселесі   -   сапалы   білім   болып   табылады.   Жалпы,   1991-2016   жылдары   6

миллионға жуық қазақстандық өмірге келген. Осы жастардың білім деңгейі

мынандай:   718   мыңы   -   жоғары   білімді   (15,9%),   306   мыңы   –   аяқталмаған

жоғары   (6,8%),   728   мыңы   –   арнаулы   орта   (16,2%)   білімді.

    Қазақстан

Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-

2050»   стратегиясы:   қалыптасқан   мемлекеттің   жаңа   саяси   бағыты»   атты

жолдауы мен 12 сәуір 2017 жылғы жарияланған Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру атты мақаласында: жаңа бағыттың қозғаушы күші ретінде жастарды

нақты атап көрсетті.

76



Жастар   саясаты,   оның   қарқыны   мен   тиімділігі   мемлекеттің

мүмкіндіктеріне   тәуелді.   Алайда,   екінші   жағынан,   жастарсыз   мемлекеттің

өздігінен дамуы мүмкін емес, бұл жастарға қатысты саясаттың озық сипатын,

оның мемлекет қызметінің басқа бағыттары арасында көш басында орын алуы

болып табылады.

«Қазақ   КСР-ғы   мемлекеттік   жастар   саясаты   туралы»   Заң   КСРО

республикаларында   алғашқы   заңдардың   бірі   ретінде   1991   жылғы   шілдеде

қабылданды.   Сондықтан   осы   заңды   жүзеге   асыруда   проблемалардың

туындауы, әсіресе қаржыландыру саласында, кездейсоқтық болмады. Біршама

аз уақыт ішінде оған өзгерістер енгізу, кейінірек жаңа заң 1999 жылғы тамызда

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы»

мақұлданды,   ал   2004   жылғы   7   шілдеде   «Қазақстан   Республикасындағы

мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға қол қойылды. Мемлекеттік жастар

саясаты   мемлекет   жүзеге   асыратын   және   жастарды   қолдауға   бағытталған

әлеуметтік-экономикалық,   саяси,   ұйымдастырушылық   және   құқықтық

шаралар жүйесі ретінде қалыптасты.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР

Заңының жаңа жобасы, мемлекет дамуының қазіргі кезеңіндегі мемлекеттік

жастар саясатын қалыптастырудың және іске асырудың құқықтық негіздерін

анықтауы тиіс.

ҚР   Президенті   Н.Ә.   Назарбаевтың   Қазақстан   халқы   Ассамблеясының

ХІХ сессиясында сөйлеген сөзі мемлекеттік жастар саясатын жетілдіруге жаңа

қарқын   берді.   Онда   көтерілген   мәселелер   Мемлекет   басшысының

«Қазақстанның   әлеуметтік   жаңғыртылуы:   Жалпыға   Ортақ   Еңбек   Қоғамына

қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында және Президенттің Назарбаев

университетіндегі   «Қазақстан   білім   қоғамы   жолында»   интерактивті

лекциясында одан әрі жалғасын тапты. Елдің болашағы үшін жас ұрпақтың

мәнін   атап   көрсете   отырып,   Н.Ә.   Назарбаев   білім   беруді   жаңғыртуға,

қазақстандық жастарды өз бетінше өмір сүруге бейімдеудің тиімді жүйесін

құруға,   бастамашыл   еңбекке,   жас   мамандар   үшін   жұмысқа   орналастыруға

кепілдік туралы құқықтық нормалар мен әлеуметтік пакетті әзірлеуге, жастар

тәжірибесін ұйымдастыру тәртібіне ерекше назар аударды.

Президент 2012 жылғы қарашада «Жас Отан» ЖҚ ІІ- съезінде бірнеше

жаңашыл   идеяларын   айқын   көрсетті.   Бұл   барлық   министрліктер   мен

әкімдіктердің   стратегиялық   жоспарларына   жастармен   жұмыс   жөніндегі

индикаторларды енгізу және бұл бағытта жастар ұйымдарымен өзара қарым-

қатынасты нығайту; жастар бірлестіктері өкілдерін ҮЕҰ-мен жұмыс кеңесіне

ендіру   және   жастар   бастамалары   қорын   құру;   жастар   саясатын   тігінен

басқаруды әрбір қала мен ауылға дейін жеткізу және ірі өндірістік ұжымдар

мен ұлттық компанияларда жастар ісі жөніндегі комитеттердің рөлін нығайту;

студенттер   мен   жастардың   жатақханасын   салуды   қоса   алғанда   жастарды

тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б.

  2013   жылғы   ақпанда   ҚР   Үкіметі   2020   жылға   дейінгі   Мемлекеттік

жастар   саясатының   тұжырымдамасын   бекітті.   Бұрын   республика   Үкіметі

77



мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламаларды әзірлеу кезінде орталық

және   жергілікті   атқарушы   органдар   ұсынған   жастардың   бәсекеге

қабілеттілігін   қолдау   және   дамытудың   2008-   2015   жылдарға   арналған

тұжырымдамасын бекіткен болатын.

Мемлекеттік жастар саясатының басты басымдылығы қоғам мүддесін

ескере   отырып,   жастардың   өз   мүдделеріне,   бейімділігіне,   дене

мүмкіндіктеріне сәйкес олардың еркін әлеуметтік даму, құқығын іске асыруға

жағдай жасау болып табылады.

Нормативтік-құқықтық   қамтамасыз   ету.  2012-2013   жылдары   ҚР   Білім

және ғылым министрлігі тарапынан мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске

асыруға   бағытталған   шамамен   30-ға   жуық   арнайы   нормативті   кұқықтық

актілер әзірленді және іске асырылуда.

Қазіргі кезеңдегі жастар саясатын іске асыруда мемлекеттің көзқарасын

белгілейтін басты  құжат – негізгі мақсаты  жастарды әлеуметтендіру болып

табылатын   «Қазақстан   2020:   болашаққа   жол»   Қазақстан   Республикасының

мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы.

Тұжырымдаманың басты ерекшелігі – арнайы көзқарас және жастардың

барлық санаттарын қамту, бұрынғы мемлекеттік актілер мен бағдарламалар

негізінен білім алушы жастарға бағытталған болатын. Алғаш рет жастардың

маңызды   мүдделері   мен   қажеттіліктерін   ескеретін   арнайы   бағыттар

белгіленген   (жұмысқа   орналастыру   үшін   жағдай   жасау,  жастарға   арналған

қолжетімді баспана жүйесін дамыту  және т.б.).

Жастар   саясатының   басым   бағыттары   қазақстандық   қоғамның

әлеуметтік- экономикалық тіршілігінің негізгі бағыттарын қамтитын бірнеше

мемлекеттік және салалық бағдарламаларға біріктірілген. 

Жастар   саясатының   мәселелері   орталық   және   жергілікті   атқарушы

органдардың стратегиялық жоспарларында көрініс тапқан.

Сонымен   қатар,   әлеуметтік   зерттеу   нәтижелері   көрсеткендей,

қазақстандық жастардың басым бөлігі мемлекеттің басты құжаты – Қазақстан

Республикасы Конституциясымен танысқан (77 %). Сауалнама нәтижелеріне

сәйкес, жастардың 41%-ы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар

саясаты   туралы»   Қазақстан   Республикасы   Заңымен   танысқан.   Керісінше,

жастардың   көпшілігі   Тұжырымдамамен   таныс   емес,   бұл   жастар   саясатын

мемлекеттік   институттарының   ақпараттық   түсіндіру   жұмысының   төмен

екендігі туралы куәландырады. Тұжырымдама секілді маңызды құжат әрбір

қазақстандық жас тұлғаның «үстел үсті кітабына» айналуы тиіс.

  Институционалдық   қамтамасыз   ету.   Соңғы   үш   жыл   ішінде   жастар

ортасындағы   процестерді   басқарудың   жаңа   институционалдық   үлгісі

құрылды.

2012   жылғы   шілдеде   жастар   саясаты   саласындағы   министрлігі

құрылымында   жастар   саясаты   стратегиясын   әзірлеу,   оны   жоспарлау,

нормативтік қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг

жүргізу және бағалау, сондай-ақ осы салада бақылау секілді өкілеттік  Жастар

ісі жөніндегі комитет құрылды.

78



Жастар саясатын басқарудың 3 деңгейін белгілеуге болады:

-         республикалық   –   ҚР   БҒМ   ЖІК;   ҚР   Президенті   жанындағы,   ҚР

Үкіметі   жанындағы   Жастар   саясаты   жөніндегі   кеңестер,   республикалық

жастар ҮЕҰ; 

- облыстық – Астана, Алматы қалаларының және облыстардың жастар

саясаты мәселелері жөніндегі басқармалары; Астана, Алматы қалалары және

облыстары   әкімдіктерінің   жанындағы   жастар   ісі   жөніндегі   кеңестер;

жергілікті жерлердегі жастар ресурстық орталықтары, өңірлік ҮЕҰ;                 

-   аудандық   –   аудандық   ішкі   саясат   бөлімдері,   ауылдық   жерлердегі

жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушылар, қалалар мен аудандардың жастар

ресурстық орталықтары, жастар ұйымдары.

Бұдан   басқа,   институционалдық   құрылымға   көрсетілген   кеңестер

тұлғасындағы   консультативті-кеңестік   органдардың   үш   деңгейі,   сондай-ақ

басқа   да   консультативті-   кеңестік   органдар   (ҚР   БҒМ   жанындағы   Жастар

ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіруші кеңес, ШЫО Жастар кеңесі, ТМД

кеңесі және т.б.) енеді.

Мемлекеттік жастар саясатын дамытудағы маңызды қадам 2013 жылғы

наурызда   құрылған   «Жастар»   ғылыми-зерттеу   орталығы   болып   табылады.

Оның миссиясы – жастардың бәсекеге қабілеттігін дамыту және  қазақстанды

жаңғырту   процесіне   тарту   мақсатында   мемлекеттік   жастар   саясаты

институттарын   ғылыми-зерттеу,   ақпараттық   және   консультациялық

дүниелерді   қамтамасыз   ету.  Бұл   ретте   мемлекетті   дамыту   және   жаңғырту,

ұлттық   экономиканың   бәсекеге   қабілеттілік   деңгейін   арттыру   межелерін

бағындыратын жастарға жүктелетін жауапкершілік жүгі салмақты.

Қазіргі   заманғы   жастардың   тыныс-тіршілігі,   оларды   толғандыратын

өзекті   мәселелер,   жас   буынның   әлеуметтік-экономикалық   мәртебесі,

болашақтағы   басымдықтары   –   мемлекеттік   жастар   саясатын   тиімді   іске

асыруға, жастардың негізгі проблемаларын шешуге негізгі өзек болатын басты

мәселелер.

2.   1992   жылы   қабылданған   –   «Діни   сенім   бостандығы   және   діни

бірлестіктер туралы» заң бойынша азаматтар діни бірлестіктер құра отырып,

ұйымдаса алады. Діни бірлестіктерді Әділет Министірлігінде тіркеудің өзіндік

шарттары бар. Бұл шарт орындалғанда ғана бірлестіктер тіркеліп, өз қызметін

жүзеге асырады,

Дін   мен   қоғам   бір-бірінен   ажырамайтын   құбылыс.   Қазақстан

мемлекетіндегі   этносаралық,   діни   конфессиялар   мен   деноминациялық

құрылымдардың татулығы, әрине көптеген елдерге үлгі.  Қазақстан БҰҰ мүше

мемлекет ретінде 1995 жылғы 16 қарашадағы ЮНЕСКО Бас конференциясы

қарарымен бекітілген Төзімділік (толерантость) қағидаттары декларациясын

қолдайтындықтан,   діни   төзімділік   пен   бейбітшілік   қағидалары   еліміздің

қауіпсіздігін қамтамасыз ету саясатында 2017 жылға дейін басты орын алды

және бұдан кейінгі жылдарда да, жалғаса береді.

Қазақстандағы діни конфессияаралық келісім саласындағы мемлекеттік

саясат төмендегі қағидаттарға сүйенеді:                                                                 

79



-   мемлекет   пен   оның   институттарының   зайырлы,   конфессиялық

бейтарап сипаты;

-   адам   мен   азаматтың   дінге   көзқарасына,   діни   немесе   зайырлы

бірлестіктерге   қатыстылығына   қарамастан   олардың   құқықтары   мен

бостандықтары тең;                 

  - діни бірлестіктердің заң алдындағы теңдігі;

-   халықтық   түрлі   топтарының   этномәдени   дәстүрлеріне,   менталитет

ерекшеліктеріне деген құрмет;

- мемлекеттік билік пен басқарудың барлық деңгейлерінде ар-ождан мен

дін бостандығы саласындағы саясатты ашық жүргізу.

Ар-ождан   мен   дін   бостандығы   саласындағы   мемлекеттік   саясатты

жүзеге   асырудың   тиімді   қызмет   ететін   тетіктерін   құру   алға   қойылған

мақсаттар   мен   міндеттерді   табысты   орындауға,   негізгі   құқықтар   мен

бостандықтардың   сақталуын,   түрлі   дін   өкілдері   арасында   және   дінге

сенбейтіндер   арасында   өзара   түсіністік   және   ынтымақтастықты   нығайтуға,

қоғамда тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.  

Қазақстан   мұсылмандарының   діни   істерін   ұйыдастырып,   діни

бірлестіктер,   мешіттер   мен   шетелдердегі   мұсылман   ұйымдарымен

халықаралық   қатынастарды   реттейтін   дербес   мекеме   «Қазақстан

мұсылмандары   діни   басқармасы»   1990   жылы   құрылды,   ал   2016   жылы   13

қыркүйекте ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды.

Тәуелсіздік   алған   жылдардан   бергі   кезеңде   дінді   әртүрлі   бағытта

түсіндірулер   көбейіп,   соның   салдарынан   азаматтардың   түрлі   діни   ағымдар

ықпалына   түскендігі   де   шындық.   Азаматтық   қоғамда   діни   плюралистік

көзқарастардың   болуы   табиғи   жағдай.   Алайда   діннің   негізгі   қағидалары

бұрмаланбауы тиіс. Дін туралы сауатты ақпаратты жақсы игерген тұлға ғана

діни адасудан аулақ болады. Елімізде дінді түрлі мақсатпен түсіндіруге 2016

жылы   құрылған   ҚР   дін   істері   және   азамттық   қоғам   министрлігі   тосқауыл

қойып,   құқықтық   органдар   олардың   заңсыз   іс-   әрекеттеріне   заң   жүзінде

сараптама жасап отырады.

2017   жылдың   1   ақпанына   дейін   ҚР   дін   істері   және   азаматтық   қоғам

министрлігі   бұқаралық   ақпарат   құралдарының   деректерінде   елімізде   17

конфессия мен деноминацияларды біріктірген 3088 діни бірлестіктер бар екен.

Діни бірлестіктердің арасында: Ислам – 2724, Орыс православ шіркеуі –

304, Рим-католик шіркеуі – 87, протестанизм – 1267, дәстүрлі емес діндер мен

жаңадан   құрылған   діни   бірлестіктер   (бақай,   Кришнаидтер,   «Соңғы   өсиет

шіркеуі» және т.б.) – 46 тіркелген.

Діни бірлестіктердің иелігінде үш мыңнан астам діни ғимараттары да

бар,   соның   ішінде   мұсылман   мешіттері,   православ   шіркеулері   католик

костелдері, синагогалар, протестанттық  ғибадат үйлері және т.б.  атап өтуге

болады. 

Қазақстанда 8 жоғары (соның ішінде 2 ислам, 1 католик, 1 лютерандық,

4   протестанттық),   6   арнайы   орта   және   3   жалпы   білім   беретін   діи   оқу

орындары   бар.   Қазіргі   таңда   республикада   20   елден   300-ге   тарта   шетелдік

80



миссионерлер   жұмыс   жасайды   екен.   Бұл   біздің   елдің   діни   мәселелері

бойынша заңнамамен белгіленген процедуралардың либералдығын білдіреді.

3. Елбасы дін мәселесін ерекше назарда ұстап отыр. Дін – нәзік әрі өткір

ұғым. Қазақстан көп ұлтты ғана емес, көп конфессиялы мемлекет. Сондықтан

ел іші тыныш болу үшін конфессияаралық татулық саясатын да берік ұстану-

елдік мұрат, басты ұстанымдардың бірі.

Қазақстан әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қомақты

үлес қосуда. Тәуелсіздік жылдары біздің мемлекет аймақтағы бейбітшілік пен

тұрақтылықты   нығайтуға   бағытталған   бірқатар   бастамаларды   ұсынды.

Астанада әр үш жыл сайын әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съездері

өтіп тұрады. I съезд -2003 жылы өтті, II съезд – 2006 жылы, III съезд – 2009

жылы,   ІVcъезд-1012   жылы,V   съсзд-1015   өткізілді.   Қазақстан   басшысының

шақыртуын   ислам,   православие,   католицизм,   протестантизм,   буддизм,

индуизм және басқа да көптеген діндердің өкілдері қабыл алды. 

Форумға   деген   қызығушылық   жылдан   жылға   өсіп   келеді.   Бұл   съезге

келетін   делегация   санының   артуынан   көрінеді.   Форумға   қатысушы   беделді

халықаралық институттар шеңбері ұлғаюда. Олардың қатарына БҰҰ, ЕҚЫҰ,

ЮНЕСКО, «Ислам конференциясы» ұйымы бар. 

Әлемдік   және   дәстүрлі   дін   лидерлерінің   съезі   конфессияаралық

диалогтың басқа формаларымен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктерге ие.

Астанада өтетін форумның басты ерекшелігі – оны өткізу жөнінде бастаманы

конфессиялардың   басшылары   емес,   зайырлы   мемлекеттің   президенті   –

Нұрсұлтан Назарбаев көтеріп отыр. 

Бұл аталған форум бір діннің мүддесіне қызмет етпей, жалпы адамзатқа

ортақ   өзекті   проблемалар   талқыланған   дінаралық   диалог   құруға   мүмкіндік

жасайтынын қөрсетеді. 

Дін   лидерлері   Астанада   әлемдік   діндердің   рухани   және   адамгершілік

әлеуеті халықаралық шиеленістерді шешуде жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы

тұруда қалай пайдаланылуы мүмкін екенін талқылауға мүмкіндік алды. 

Съездердің маңызды ерекшеліктерінің бірі – оның жұмысына әлемнің

ірі   конфессияларының   өкілдерімен   бір



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет