1990-1995 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс халықтың
денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесінің жағдайын да күрт нашарлатты.
80-жылдардың аяғынан бастап республикада бала туу ұдайы төмендеп,
ал өлім-жітім, керісінше, көбейген еді. Соның салдарына табиғи өсіп-өну де
қысқарды. Мәселен, табиғи өсіп-өну коэффициенті (халықтың 1000 адамына
шаққанда) 1987 жылы 18,1 промилле, 1995 жылы 6,8 промилле, 1996 жылы
5,6 промилле, 1997 жылы 4,8 промилле, ал 1998 жылы 4,6 промилле болды.
Халықтың денсаулығына байланысты проблемалар қоршаған ортаның
нашарлай түсуімен де байланысты еді. Семей ядролық полигонының
зардаптары, Арал теңізі аумағындағы агрохимиялық ластанудың салдарлары
осы өңірлердегі қатерлі ісіктер, генетикалық бұзылу сияқты ауру түрлерінің
көбеюіне әкелді. Мәселен, Қазақстанда 1990 жылдан 1999 жылға дейін 100
мың адамға шаққанда 188,5 адамнан 410,0 адамға дейін онкологиялық дертке
шалдыққан. Эндокриндік жүйе сырқатының, асқазанның бұзылуы, зат
алмасудың бұзылуы көрсеткіштері де жоғары болды. Мәселен, 1990 жылы
398,8 науқас (100 мың адамға шаққанда) тіркелсе, 1999 жылы 610,3 адам
тіркелген екен.
1990 жылдары елде орын алған қиын экономикалық жағдай денсаулық
сақтауға жұмсалатын қаржы көлемін күрт төмендетті. Бұл өз кезегінде емдеу-
профилактикалық мекемелердің жай-күйіне, медициналық көмек көрсетудің
сапасына салқынын тигізді. Мемлекеттің бюджеттің бұл салаға жұмсайтын
шығысы ұдайы азайып, межеленген қаржыландыру жоспарлары
орындалмаған. 1995 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру
межеленген көлемнің 92,2%-ын, 1998 жылы - 80%, ал 1999 жылдың 1-
мамырындағы көрсеткіш бойынша денсаулық сақтауға арналған шығыс небәрі
51% -ға орындалған.
Халықтың өмір жасының ұзақтығы тұрмыс деңгейі мен сапасының
нақты көрсеткіші болып табылады, бұл көрсеткіш республикада 90-жылдары
бойы тұрақты төмендеген. Мәселен, 1991 жылдан 1998 жылға дейін өмірдің
орташа ұзақтығы жалпы Қазақстан бойынша 67,6 жастан 64,4 жасқа дейін
төмендеді (Жапонияда - 76,1 жасқа тең болса, Испанияда -75,7 жас, Гонконг
пен Израильде - 75,1 жас, Австралияда - 75 жас, Швецияда - 74,8 жас).
Денсаулық сақтау саласын дамыту Қазақстан үкіметі алдындағы басым
міндеттердің біріне айналды.
2000 жылдардан бастап денсаулық сақтау саласын қаржыландыру оң
үрдіске ие болды. Мәселен, 1999 жылы мемлекеттік бюджеттен осы салаға
44 825 миллион теңге бөлінсе, 2003 жылы – 89 781 миллион, яғни екі есе көп
қаржы бөлінді, 2004 жылы – 131 184 миллион теңге, 2005 жылы – 185 456
миллион теңге бөлінді.
68
2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің
«Болашақты бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында
Денсаулық саласына жеке бөлім арналды. Елбасы денсаулық сақтау саласын
қаржыландырудың 2002 жылы
ЖІӨ-нің 1,9 %-дан 2010 жылы 3,2 %-
ға өскенін атап өтті.
Ауқымды іс-шаралар нәтижесінде 2000-2010
жылдары аралығында ана мен бала өлімі азайып, бала туу көрсеткіші 1,5 есеге
өсті. Халықтың табиғи өсіп-өнуі 3 есеге артты.
Бұл 2005-2010
жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау саласын реформалау мен дамытуға арналған
мемлекеттік бағдарламасы негізінде мүмкін болды.
2010 жылдың мамырында ҚР Денсаулық сақтау
министрлігі 2011-2015 жж. арналған Денсаулық сақтау
саласын реформалау туралы мемлекеттік бағдарлама
әзірледі. Бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстан
азаматтарының денсаулығын жақсарту және бәсекеге
қабылетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға
негізделді. 2011-2015 жылдары денсаулық сақтау саласына
449,3 млрд теңге бөлінді.
2016 жылыдың қыркүйегінде Астанада «Қазақстандағы денсаулық
сақтау саласын реформалау: ұлт саулығын қорғау» тақырыбындағы Форум
өтті. Онда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Денсаулық сақтау саласын дамытудың екі мемлекеттік бағдарламасын (2005-
2015 жж.) іске асыру нәтижесінде Қазақстандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы
70 жастан асқанын, халықтың жалпы өлім-жітім көрсеткіші 15,3%-ға, ана мен
сәби өлімі 1,8 есеге төмендегенін атап өтті.
3.
1990-жылдары орын алған әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтар
білім беру саласын да айналып өтпеді. Осы бағыттағы басты проблемалар
қатарында мыналарды атауға болады
:
-
оқытушы еңбегін материалдық ынталандыру жүйесінің мүлдем болмауы, осы
саладағы еңбекақы көлемі ең төменгі деңгейде болып, ол елдегі орташа
еңбекақының
60 %-ын ғана құрады;
-
оқытушы мамандығы беделінің күрт төмендеді
;
-
білікті маман кадрлардың білім беру саласынан халық шаруашылығының
басқа саласына жаппай кетуі байқалды
;
-
елде орын алған сыбайлас-жемқорлық күшейді;
-
оқытушылардың 80%-нан астамын әйелдер құрады.
69
Жалпы білім беретін мектептерді жаппай жабу
болмағанымен, жұмыссыздық пен кедейліктің өсуі
салдарынан интернаттық мекемелер үш еседен астам
қысқарды, бұрын-соңды болмаған құбылыс - мектеп
жасындағы балалардың мектепке бармауы өршіді.
Республикада кәсіптік-техникалық білім беру саласының
да жағдайы мәз емес еді. Кәсіптік-техникалық мектептердің
саны 1991 жылмен салыстырғанда 1997 жылы 40%-ға, ал
олардағы оқушылар саны 40%-дан астамға қысқарды.
Бюджеттен қаржыландыру мүмкіндігінің шектелуі
мемлекеттік жоғары оқу орындарына қабылдау жоспарының
қысқаруына әкелді. Ол 1991 жылғы 59 950 адамнан 1995
жылы 40 160 адамға дейін азайды, яғни 33%-ға дейін
шегерілді. 1997 жылы студенттердің төрттен бірінен астамы
шарт негізінде оқыды.
1990-жылдары білім беру саласын трансформациялаудың қажеттілігі
айқын көрінді. Оған мынадай төмендегі факторлар түйткі болды:
-
ақпараттық-технологиялық дүмпу, ақпаратты іздеу және қайта әрлеу дағдысы
;
-
әлемдік білім беру жүйесіндегі өзгерістер
: білімді меңгеруден дағды
жинауға өту;
-
қазақстандық мамандардың әлемдік білім беру кеңістігіндегі интеграциясын
қамтамасыз ету және тиісінше әлемдік білім беру стандарттарына өту
.
Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына қарамастан 1990 жылдардың
басында-ақ білім беру саласы мен маман-кадрлар даярлау саласын реттеу
мақсатында алғашқы шаралар қолға алынды.
1992 жылдың 18-қаңтарында «Білім туралы Заң»
қабылданып, ол Білім беру саласындағы негізгі мқсаттар мен
міндеттерді айқындап берді.
1993 жылы Қазақстан үкіметі Жеке меншік оқу
орындарын лицензиялау тәртібі туралы бірінші ережені, 1995
жылы Білім беретін мемлекеттік емес мекемелер туралы
ережені бекітті.
1996 жылы Гимназия және лицей туралы ереже
қабылданды. Мемлекет басшысының «Дарынды балаларға
арналған мектептерді мемлекетік қолдау және дамыту
70
туралы» өкімі шықты. Өкімге сәйкес дарынды балаларға
арналған «Дарын» республикалық мектебі ашылды.
Осылайша, мемлекет елдің зияткерлік әлеуетін күшейтуге
арналған шараларын бастады. 2004 жылға қарай елдің жалпы
білім беретін мектептері жүз пайыз комьютерлендірілді.
1993 жылы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының
«Жоғары білім туралы» Заңы қабылданды. Онда «жоғары
білім үздіксіз білім беру жүйесінің аса маңызды құрылымдық
буыны» деп жарияланды.
Осы бағыттағы айтулы оқиға - 1993 жылы Қазақстан
Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық
стипендиясының енгізілуі болды. Бағдарлама әлемнің
алдыңғы қатарлы оқу орындарында маман-кадрлар даярлауға
негізделді. Бүгінде Жоба аясында мыңдаған стипендия
бөлініп, мыңдаған маман-кадрлар даярланды.
1999 жылғы 7 маусымда барлық білім беру деңгейі үшін ортақ
Қазақстан Республикасының жаңа «Білім туралы» Заңы қабылданды.
Кейін
2000 жылы осы заң аясында жоғары оқу орындарын
жекешелендіру тұжырымдамасы қабылданды.
2004 жылғы 11 қазанда Елбасы «Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы»
туралы Жарлыққа қол қойды. Бағдарламаның басты бағыттары «Білім туралы
Заңда»
(2007 ж.) бекітілді. Бағдарламаны жүзеге асыру
барысында қазақстандық ұлттық білім беру құрылымы
ЮНЕСКО ұсынған Білім берудің Халықаралық стандарттау
классификациясым
ен
сәйкестендірілді.
Бастауыш және орта мектеп деңгейінде 12-жылдық білім беру моделін
енгізуге жағдайлар жасалынды, техникалық және кәсіби білім беруді қайта
құру жұмыстары басталды. Жоғары мектеп деңгейінде үш деңгейлі
(бакалавриат-магистратура-
PhD
) маман-кадрлар даярлау енгізілді.
2010 жылдың 11 наурызынан Қазақстан Еуропалық білім
беру кеңістігінің тең құқылы мүшесіне айналды. Бүгінде
Қазақстан жоғары оқу орындары Tempus, Erasmus Mundus,
INSPIRE, т.б. халықаралық бағдарламаларға белсенді түрде
қатысады.
2010 жылы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға
дейінгі стратегиялық даму жоспары» аясында қазақстандық
білім берудің бәсекеге қабылеттілігін арттыру және адами
капиталды дамытуда қолжетімді сапалы білім беруді
қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының
2011-2020 жж. арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы» қабылданды.
71
2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда «Интеллектуалды ұлт – 2020»
мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама мына негізгі үш басым
бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс болды.
Достарыңызбен бөлісу: |