Түсіндіріп тарату
– ауыртпашылық ортасы (нүктесі) тікелей кестеден адамдармен өз
еріктеріне, ынталарына ауады. Мұнда басшы үлкен белсенділік көрсетеді. Түсіндіріп беру,
ақыл айту (беру) – бұл адамдар, ұжымдар, өз еріктерімен жұмыс жасап, өзін-өзі бақылай алу
деңгейіне жетуі.
Кей жағдайларда басшы юидік жүргізу, беруден бас тартады, сөйтіп белгілі шешімдерді
қабылдауда, шешуде өзінің қызметтеріне өкілеттілік беріп, оларға проблеманы (мәселені)
шешуде белгілі дәрежедегі жауапкершілік жүктейді. Басшы не болмаса менеджер – іс-
қызметтің жасалуын басқа біреулер арқылы қамтамасыз етеді. Олардың жұмыстағы
жетістіктері олардың нақты іс-қызметтерімен емес, керісінше адамдарда сезім, ынта жігер
көзін оята алатын қабілеттермен бағаланады.
Басшының мақсаты адамдарға олар жұмыстарды (тапсырылған) орындайтындай ықпал жасау.
Бұл қызметі орындау үшін басшыға ресми өкілеттік пен бірге билік қажет болады.
Билік
– бұл басшыларға (олардың іс-қимылдарына) ықпал жасау мүмкіндігі. Ұжымға
басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа, әлеуметтік-псхологиялық
қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлі статустары, иерархиялық
құрылымдары (бір жұмыскердің екіншісіне бағынуы арқылы көрінетін) және жеке адамдар
арасындағы қарым-қатынас, олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бірін-бірі
мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделік т.б. болып саналады.
Басқарудың дұрыс стилін таңдай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманың ең өзектісі.
Басқармадағы жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық, әрі түбегейлі баға
басшы жұмысының стилі бойынша жүзеге асады. Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек өзіне
ғана тән стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде
басқару қызметін жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честерфольд «стиль-ой
дүниесі» десе, Бьюфурон «стиль-адамның өзі» деп тұжырымдайды. Бұл нақыл сөздердің
дұрыстығын қазіргі жұмыс стилінің түсінігі де дәлелдей түседі. Қазіргі кезде стильді
басшының басқару қызметін тиімді орындау мақсатында өзінің қарамағындағыларға ықпал
етуі бойынша бағалайды. Сонымен, басшылық стилінің мәні сол, басшы қандай әдістермен
ұжымның қарқынды және творчестволықпен өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ете
алатындығында, қарамағындағылардың іс-әрекеті нәтижесін қалай бақылайтындығында.
Қабылданған стиль ұжымда ерекше жағдай мен қарым-қатынас туғызады.
Басшылық стилі тұрақтылығымен, амалдарды жиі-жиі қайталамауымен ерекшеленді. Бірақ
мұндай тұрақтылық салыстырмалы түрде, өйткені көптеген мамандардың бағалауынша
стильге әдетте ырғақтылық тән, олардың тұжырымдауынша «ең дұрыс басшылық – бұл
ырғақтылық» және де «басшылық ете білу – бұл басшылық стилін өзгерте білу».
Басшы жұмысының стилі – оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың
іс-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі – бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге
тапсырма беру әдісі.
Басшылық стилі басқару тәсілімен белгілі бір ара қатынаста және өзара әрекетте болады.
Алайда олар бірдей ұғымда емес.
Достарыңызбен бөлісу: |