4
- ДӘРІС
Әлеуметік жұмысты басқарудың ұйымдастыру құрлымы.
Дәрістің мақсаты:
Әлеуметтік басқарулар түсінігі және түрлерін жан жақты қарастыру.
Персоналдар мен клинеттер арасындағы процестерді басқару әдістерін талдау. Әлеуметтік
басқару функцияларын реттеу жұмыстарын қарастыру.
Қарастырлатын сұрақтар:
1.
Құрылым.
2.
Қызмет көрсету құрылымы.
3.
Әлеуметтік қорғау мекемелерінің аппараттарының құрлымы.
Тақырыптың негізгі ұғымдары:
басқару, әлеуметтік басқару, әлеуметтік басқару әдістері,
тейлоризм бағыты, регламенттеу, моделдеу, персонал, менеджмент т.б.
Кез-келген адам қарым-қатынас жасау процесінде екі ролдің біреуінен: сөйлеуші мен
тыңдаушы атынан көрінеді. Тыңдаушы ролі көп жағдайда қиынырақ болады, өйткені оған
білім беру жүйесінде үйретпейді. Әлеуметтік жұмыскер тыңдай білуі және кәсіби жетік сөйлей
білуі қажет, яғни сөздік қарым-қатынас өз кәсіби міндеттерін орындаудағы қажетті құралы
болып табылады.
Ойланбай және үзіп қабылдау, хабар мазмұны мен шынайы өмір фактілері арасындағы
байланысты таба білмеу; тыңдауға деген ниетпен дайындывқтың жоқтығы; назар аудартушы
факторлар сыртқы шу сөйлеудің басталуынан кешігіп келушілер және т.б. сөйлеуді
орындаушы адамдардың манерасында немесе материалды жеткізудегі таңданарлық жақтар,
орындаушының және тыңдаушылардың жайсыз жағдайы
тыңдаудағы кемшіліктер болып табылады.
Тиімді тыңдау дағдыларын дамыту үшін төмендегідей шеберліктер қажет:
Шоғырлану (зейінін жинақтау), жүйелеу, естігендерін талдау, сынмен тыңдау, көмекші
құралдарды меңгеру.
Әкімшілік (ұйымдастырушылық) ¬- әдістер, кейде оларды басқару-ұйымдастырушылық деп
атайды. Басқару тәжірибесінде үлкен рөлге ие. Олар басқару жүйесіне тән билікпен басқару
субординация қатынастарына негізделген. Басқару жүйесінде әкімшілік ықпал тәсілдерінің,
ықпал әдістерінің саны айтарлықтай көп қолданылады. Оларды бірнеше критерийлер бойынша
жіктеуге болады. Басқарудағы әкімшілік ықпал тәсілдерінің атқаратын функцияларын жіктеу
негізіне алатын болсақ, онда 3 ірі топқа бөлуге болады: регламенттеуші (кесімдеуші);
басқарушылық және тәртіптілік әдістері.
Регламенттеуші әдістер бұл ықпал етудің қатаң типі. Олардың көмегімен ұйымдастырудың сол
немес басқа жүйесі жасалынады. Басқару құрылымының міндеттері, құқығы мен
жауапкершілігі анықталады. Белгілі бір ережелер тағайындалады, әрекетке нақтылы
нұсқамалар, басқарушы мен бағынушылардың жүріс-тұрыстарының шептері анықталады. Бұл
топқа жататындар регламенттеу, бағдар ұйымдастырушылық әдістер, инструкциялау және т.б.
Регламенттеу – ұжым мүшелерінің іс-әрекетін реттеуші қағидаларды, қызметтік міндет
инструкцияларын және басқа да құжаттарды өңдеу мен қолдану. Басқару аппаратының
қағидаларында әдетте төмендегідей қағидалар бар. Жалпы білім, негізгі міндеттер,
функциялар, басқа бөлімшелермен өзара байланыстар, жауапкершілік. Регламенттік әдіс келесі
жағдайлардан тұрады, яғни ұйымдық құрылым, ұжымды және оның бөлімдерін басқару
органдарының құрылым. Құқықтар мен міндеттердің нақтылы шектелуі, басқару
органдарының өкілеттігі, кәсіби іс-әрекет процесінде туындайтын басқарудың жекелеген
органдары арасында туындайтын қайшылықтарды шешу, сол немесе басқа сұрақтарды шешуде
ұжымда қолданылатын басқару түрлері мен әдістерінің жиыны. Түрлері: ортақ жиналыстар,
конференциялар, комиссия және т.б.
Әдістер: мәселені ұжымдық талқылау, қоғамдық пікірлерді зерттеу. Қоғамдық экспертиза және
т.б.
Ұжымды басқару регламентінің толықтырылу мен өзгері тәртібі. Регламенттерді құрастыруда
бірқатар техникалық талаптарды сақтау қажет:
а) нормалауды стимулдаумен нормалардың бұзылуында санкцияларды тиімді
қолданумен үлестіру қажет.
б) нормалар ғылымның соңғы мәліметтерімен прогрессивтік тәжірибесінің мәліметтері
бейнеленуі қажет. Нормалар шектен тыс қатаң және өте еркінсіткен болмауы керек.
в) Регламенттер тым бөлшектенбеген болмауы қажет.
г) Нормативтерді адрестік өңдеу, яғни олар жеке жауапкершілікті нығайтуға ықпал ету
үшін. Басқару процесінде жақсыздыққа жол бермеу. Жұмыскерлердің еңбегін
ұйымдастыратын регламенттердің басқа түрлері бар. Жұмыс тәртібінің бірдейлігі, жиналыстар
мен мәжілістерді өткізу. Басқарушылық-әкімшілік әдістер. Басқару міндеттерін шешуге
бағытталған және ұйымды жетілдіру үшін басқару міндеттерін оперативтік нақтылаумен
жүйесін түзету үшін пайдаланады. Мұндай әдістер 2 түрде қолданылады. Жазбаша құжаттық
және ауызша. Басқарушылық ықпал етудің директивалар нұсқаулар мен қаулылар сияқты
түрлері тек құжаттық түрде, ал бұйрықтар мен өкімдер 2 түрде де қолданылады.
Тәртіптілік әдістер. Әлеуметтік жұмыста көптеген мәселелерді шешу қажет болған жағдайда
адамдарға сәйкес тәртіп пен тәртіп ережелерінсіз шын ықпал ету мүмкін емес. Тек еңбек
тәртібін сақтау туралы айтылып отырған жоқ, сондай-ақ клиенттер топ, ұжым алдындағы жеке
және кәсіби жауапкершілікті тағайындау. Жауапкершіліктің әртүрлі түрлерін дұрыс үйлестіру
басқарудың ұйымдастырушылық әдістерінің тиімділігі мен әрекеттілігін күшейтеді.
Басқарудың кейбір әдістері белгілі бір жағдайларда басқару функциясы ретінде көрінсе,
сондай-ақ басқару әдістері ретінде де көріне алады. Яғни осыған орай әдістерді басқару
әдістері бойынша жіктеуге болады. Басқарудың барлық субъектілеріне әлеуметтік жұмыстың
мамандары келесідей ортақ директивалар тән. Яғни мақсаттың қойылуы мен ранжировкасы,
мақсатқа жету тәсілдерін жоспарлау, оның ішінде материалдық және материалдық емес
ресурстармен қамтамасыздандыру. Біріккен іс-әрекетті қадағалау мен координациялау.
Мәселелерді талқылау мен шешу. Персоналдармен клиенттермен қатынастарды реттеу.
Байланыстарды құру мен ақпараттандыру, қамтамасыздандыру. Клиенттерге көрсетілетін
әлеуметтік қызметтің саны мен сапасын қадағалау. Ұйымның болашақтағы қажеттіліктерін
қадағалау. Ұйым немесе мекеменің өкілдік директиваларын орындау. Әлеуметтік басқару
функцияларының бірі – жоспарлау. Бұл принциптер қатарына негізділік, директівтілік, жалпы
мемлекеттік, ұжымдық және жеке қызығушылықтардың бірлігінің бейнеленуі. Жоспардың
тиімділігі, олардың тепе-теңдігі, жоспарлаудың бірлігі, оның кешенділігі.
Жоспарлау іс-әрекет мақсатын анықтауда қойылған мақсатқа жету құралдарын таңдауда,
қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, өмірлік іс-әрекетпен әлеуметтік көмекті ұйымдастыру
түрлерін анықтау. Қойылған мақсатқа жетудің бағдарламасын жасау. Бағдарламаның
орындалу көлемі мен нақтылы мерзімін анықтау, іс-әрекет нәтижелеріне есеп жүргізу.
Қабылданған бағдарламаларды түзету. Бағдарламаның жүзеге асырылу нәтижелерін ғылыми
негізбен болжай білу. Бағдарламаны жүзеге асырғаннан кейін пайда болатын жаңа міндеттер
мен мақсаттарды қою. Жоспарлау басқару функциясы ретінде күрделі құрылымға ие және іс-
тәжірибеде өз ішінен функцияларға болжау, моделдеу және бағдарлауға бөлінумен жүзеге
асырылады.
Болжау – болашақты ғылыми алдын-ала көру. Клиенттің өзгермелі қалыптарының
перспективадағы соңғы қалпын анықтау.
Моделдеу – барлық жоспарланған кезең ағымындағы объектінің даму қалпы мен әртүрлі
сипаттарды идеалды жасау.
Бағдарламалау – жаңа қалыпқа ауысудың бірізді кезеңдерін анықтау. Мұнда жүйенің өз
қызметінің алгоритмін жасау, қажетті ресурстарды анықтау. Әлеуметтік мекмелер қызмет пен
мамандарының іс-әрекетінің құралдары мен әдістерін таңдау.
Жоспарлау – қайта түзілетін іс-әрекеттердің жаңадан туындайтын резервтерін ескере отырып,
жоспарлық тапсырмаларды міндеттерді түзетумен қатар жүретін жұмыстың мазмұнын
орындаушыларға жеткізумен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |