2.
Әлеуметтік қызмет көрсетудің институтционалдық көрсеткітері.
Тақырыптың негізгі ұғымдары:
басқару, әлеуметтік басқару, әлеуметтік басқару әдістері,
тейлоризм бағыты, регламенттеу, моделдеу, персонал, менеджмент т.б.
Қазіргі кезде «Әлеуметтік басқару дегеніміз не?» деген сұраққа бірмәнді жауап алу оңай емес.
Барлығы зерттеушінің позициясы мен ғылыми қызығушылығына байланысты. Кейбір
авторлар оны заң ғылымымен байланыстырады, кейбірі – экономикалық, немесе әлеуметтік-
психологиялық, үшіншілері - әлеуметтанумен байланыстырады.
1.
Менеджмент тұрғысынан, басқару – бұл жобалау және әлеуметтік ұйымдасулар
инновациялары, ұйымдардың мақсатқа жету әрекеттеріндегі адамдар мотивациясы.
Менеджмент теориясында басқару, көп мөлшерде оның практикасында туындайтын нақты
ситуация тұрғысынан зерттеледі, яғни ол басқару өнері ретінде қарастырылады.
2.
Экономика ғылымы басқаруды біршама аз өндірістік кедергілердегі экономикалық
нәтижеге жету тәсілі ретінде талдауға бейім.
3.
Құқықтану басқаруды заңдар көмегімен мемлекеттік-құқықтық жүзеге асыру ретінде
түсіндіреді.
4.
Саясаттану басқаруды қоғамға саяси әдістермен мемлекет тарапынан әсер ету ретінде
түсінеді.
Басқаруға түрлі қатынасты білдіретін көптеген позициялар мен басқа да келістер бар. Көбінесе,
басқару сөзінің орнына мынадай түсініктер қолданылады: жүзеге асыру, жетекшілік,
әкімшіліктендіру, менеджмент, ұйымдастыру.
Басқару органдары көбінесе, бұрынғы меншікті тәжрибелерін немесе ұйымдардағы
қалыптасқан басқару дәстүрлерін қолдануға тура келеді. Бұл әдістер жеткіліксіз, тіпті көбінесе
ұйымға тиімсіз болуы мүмкін.
Қазіргі таңда басқарудың осы заманғы (заманауи) теориясын жетілдіру қажеттігі терең
сезіледі. Ол үшін ең кем дегенде біріншіден, ғылыми білімнің дербес саласы ретінде ғылым
пәні туралы біршама нақты түсініктің болуы, ал, экономикаға, саясаттануға, психологияға
және және басқа да бір ғылымға араласпаған болуы тиіс, екіншіден әлеуметтік басқарудың
жеткілікті әмбебап анықтамасын шығару керек. Әлеуметтік басқару ғылым ретінде
басқарудың экономикалық, құқықтық, саяси және басқа жақтарын арнайы зерттемейді.
Әлеуметтік басқарудың зерттеу пәні – осы ғылымдардың теориясы мен методологиясының
өзара әрекеті, бұл әрекет олардың өзара қарым-қатынасы және өзара әсерлері барысындағы
барлық қоғамдық көріністердің жүйелі байланысына негізделген. Әлеуметтік басқарудың
жалпы теориясында түрлі әлеуметтік жүйелердің өзара әрекетінің негізгі түсініктері, заңдары,
қағидалары мен әдістері олардың толықтығының сақталуы, сол тарихи даму кезеңіндегі
қоғамға тән мақсат көздеушілікке, жиынтық интеллектінің құндылықтық-нормативтік
түсінігіне негізделген жаңа әлеуметтік құрылымдар зерттеледі.
Басқарушылық ресурс қоғамның барлық ресурстарының интеграторы болып табылатынын
түсінетін уақыт келгендей. Яғни, көбінде қоғамның дамуын айқындайтын, ең алдымен
интеллектуалдық-ақпараттық, әлеуметтік ресурстарының интеграторы болмақ.
Ол дербес ғылыми білім шебіндегі ішкі заңдар мен қағидалар негізінде өз құралдарына, «қоғам
ресурстарына» билік құрады.
Тарихи тәжрибе дәлелдегендей әлемге кешегі емес, заманауи басқару парадигмасы қажет. Ол
барлық ғылымдар (экономикалық, әлеуметтанушылық, саяси, психологиялық және басқа)
жетістігіне интегралды сапада - әлеуметтік басқарудың заманауи теориясы мен әдістемесіне
негізделеді.
Әлеуметтік жүйенің толыққандылығын, оның тұрақты дамуға жетуін қолдау – ғылыми
білімнің - әлеуметтік басқарудың ерекше түрінің басты функциясы.
Ғылыми білімнің және оқу дисциплинасының біріккен, жалпы саласы ретінде әлеуметтік
басқару ғылымын қалыптастыру қажеттілігі пісіп жетілді. Ол, біріншіден, қоршаған әлемді
толық қабылдаудың қажеттілігінің өсуі, екіншіден, қоғамдық өмірдің барлық саласына
(экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани), олардың интегралды сапасына жүйелі әсер етудің
қажеттілігі.
Зерттеулер көрсеткендей, қазіргі таңда таза экономикалық, әлеуметтік, саяси немесе тек
рухани түзілістер, білімдер жоқ. Әлеуметтік-экономикалық, мәдени-саяси, рухани-тұрмыстық
сияқты интегралды зоналар пайда болды. Әлеуметтік өзгерістер, оларға қоғамда әсер ету
бұрынғыдай меншікті, біржақты, күрделі болғанымен олар көптен бері бір түзулік сипатта
емес.
Сондықтан, басқару ғылымы жеке бір салаға әсер етумен ғана шектеле алмайды, ол осы
салалардың өзара әсерінің жалпы заңдары мен принциптерін ғана зерттеп қоймай, қоғамның
мақсаттарына жетуіне бүтін интегралды әсер етуін - өз мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету және өмір сүру сапасын арттырады.
Дисциплинааралық ғылым ретінде оның пәні зерттеудің негізгі әдісі қоғамдық өмір
көріністеріне жүйелік келіс, жүйелік анализ екенін алға қояды. Яғни, ол объект қасиеті мен
құрылымын бүтіндей күрделі әлеуметтік жүйе ретінде қарастыра отырып, зерттеуге
көмектесетін әдістер мен құралдар жиынтығын біріктіреді.
Еске түсіретін болсақ, жүйе – бұл өзара әрекеттесуші көптеген элементтер, олар бүтін
құрылымды құрайтын, бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болады.
Басқарудың түрлі функциялары жүзеге асатын әлеуметтік басқару жүйесіне мыналар кіреді: а)
басқару органдарында біріккен түрлі нышандар; б) басқарудың әдістерінің жиынтығын, соның
ішінде есептеуіш және ұйымдастырушылық техникалық құралдары жиынтығын қолданады; в)
ақпараттардың
алуан
түрлерін
біріктіреді
(
экономикалық,
әлеуметтк,
саяси,
ұйымдастырушылық және басқалар). Олар ішкі және сыртқы ортаның өзгерістерін ескере
отырып, басқарудың субъектісі мен объектісі арасында сенімді байланыс орнатуға мүмкіндік
береді
Басқару өнері мен ғылымы қашан, қалай пайда болғанын бүгінгі таңда ешкім айтып бере алмас.
Басқару әр түрлі формада адамдар топ болып жұмыс істеген жерлерде жүзеге асты, және тәртіп
бойынша адамзат қоғамының үш саласында жүзеге асты:
Әлеуметтік – топтарда, әлеуметтік қоғамдастықтарды тәртіпті орнату мен қолдау қажеттілігі.
Экономикалық – ресурстарды өндіру мен бөлу қажеттілігі.
Қорғаныстық - жаулар мен жабайы аңдардан қорғану қажеттілігі.
Мысалы, Конфуций «билік» және «әділеттілік» деген екі ұғымды біріктірді: «Егер заңның
көмегімен үркітіп, жазалап басқарса, халық сақтанады, бірақ ұят дегенді білмейді. Егер
мейірімділік негізінде басқарып, рәсім бойынша реттесе, халық тек қана ұятты болып
қоймайды, сондай-ақ жайсаңдық білдіреді».
Атақты ағылшын тарихшысы Арнольд Тойнби мәдениет тарихын қарастыра отырып, «адамзат
табиғатының өзінің өнегелік прогресі емес, тек өнегелік міндеттер прогресі туралы айту
заңды» деп санады.
Әлеуметтік парадигма - қоғамдық парадигманың экономикалық, рухани-мәдени, экологиялық
геосаяси кеңістігіндегі қоғамдық жүйесін анықтаушы маңызды бөлігі. Дәл сол бір ұлттың түпкі
әлеуметтік қызығушылықтарының приоритеттерін анықтайды, оның жүзеге асу
механизмдерін өзіне қамтиды (экономикалық, халықаралық, мәдени-рухани, экологиялық,
әскери) және азаматтар қызығушылығын көрсететін әлеуметтік саясаттың стратегиялық
мақсаттарын айқындау, реформалардың әлеуметтік бағдарларын анықтау, саясаттың кез-
келген түрін жетілдірудің негізін қалаушы болып табылады.
Әлеуметтік парадигма құрылым логикасы бірнеше кезеңдерді өзіне қамтиды:
1.
басқарушылық әсердің объектісі болатын әлеуметтік саланың шекарасын анықтау;
2.
осы саладағы мәселелі жағдайды бағалау;