Тақырыптың негізгі ұғымдары:
басқару, әлеуметтік басқару, әлеуметтік басқару әдістері,
тейлоризм бағыты, регламенттеу, моделдеу, персонал, менеджмент, қызметкерді бағалау,
кадрлар т.б.
Кадрларды реттеу және іріктеу тәжірибесін жетілдіру, олардың еңбектерін ынталандыру,
қызмет бабында өсуі, олардың кәсіби мамандықтанын жетілдіру, ғылыми негізінде жасалған
қызметкердің іскерлік бағалануымен байланысты. Бағаланудың маңыздылығы жекелеген
дәрежелерге бірдей болмағанымен, ол барлық дәрежедегі қызметкерлерге қатысты.
Қызметкердің бағалануы – бұл қызметкердің жеке бас қасиетін, оның іс-әрекетінің
саналылығы мен сапалығының нәтижесін белгілі бір талаптарға сәйкестендіру, оған қойылған
лауазым міндеттерін, өзгешеліктерін және еңбек мазмұнын білдіретін істің атқару тәртібі,
сонымен қатар, өндірісті тиімді ұйымдастыруы, онда жұмыстың ұтымды әдістерін пайдалану,
техникалық құралдарды және т.б. талап ету.
Достарыңызбен бөлісу: |