Сабақ тақырыбы. Әлеуметтік басқару теориясының қалыптасуы, қағидалары мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет54/55
Дата14.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#126512
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
downloadPdfUmkd (2)

Қарастырылатын мәселелер: 

1.

 

Билік жүргізу және басқару. 



2.

 

Бастықтың білімділігі және кәсіптілігі. 



 

Тақырыптың  негізгі  ұғымдары: 

әлеуметтік  басқару  әдістері,  тейлоризм  бағыты, 

регламенттеу, моделдеу, персонал, менеджмент, қызметкерді бағалау, кадрлар т.б. 

 

Әлеуметтік  жұмыста  билік  жүргізу,  әр  жұмыскерді  танып  білуді,  кәсібилілікті  талап  етеді. 



Кәсіби  және  іскер  қызметкер  ретінде  адамды  бағалау,  оның  қызмет  мен  жүріс-тұрысының 

ерекшеліктерін  көбірек  анықтайтын  ақпарат  алуға  мүмкіндік  бермейді.  Сондықтан 

қызметкердің  дара  типтік  және  жеке  өзіндік  қасиеттерін  зерттеу  оның  мүмкіндіктерінің 

жеткілікті сенімді бағасын алуға мүмкіндік береді. 

Әлеуметтік жұмысты басқару – бұл әлеуметтік басқарудың түрленуі 

Бұл  ұғым  көп  мағыналы  және  ол  басқарудың  түрлі  жақтарын,  шекараларын,  аспектілерін 

білдіреді. 

Бірінші  мәні  –  ұйымдастырушылық  құрылымдық.  Мұндағы  басты  мәселе:  «Әлеуметтік 

жұмысты кім орындауы тиіс?», «Қандай органдар, бөлімдер мұнымен айналысуы  тиіс?», 

«Олардың іс-әрекеттерінің тиімділігі, нәтижелілігі қандай?»; 

Әлеуметтік жұмысты басқару федералдық, аймақтық ( территориялық) және локалдық деңгеде 

ұйымдастырылады  және  сәйкестілігімен  ұйымдастырушылық  құрылымға  ие  болады:  Еңбек 

және  халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігі,  әлеуметтік  қорғау  (  көмек)  комитеттері, 

территориялдық қызметтер, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары. 

Екінші  мәні  –  функционалдық.  Әлеуметтік  жұмысты  басқару  жалпы  және  нақты 

функцияларды  атқарады.  Деңгейіне:  субъектіге,  оның  компетенциясына  тәуелсіз  жалпы 

функцияларға  мыналар  жатады:  болжау,  жоспарлау  (мақсатты  анықтау),  ұйымдастыру, 

координациялау,  стимулдау  (  мотивация)  маркетинг,  есеп  және  контроль  (бақылау). 

Басқарудың нақты деңгейінде, нақты қызметте жалпы функциялар арасында белгілі қатынас 

орнайды. 

Нақты  функциялар  –  бұл  қызметке  (міндет  пен  құқық),  бөлімшеге  (бөлімше  функциялары) 

және кәсіпорын, ұйым, мекемеге ( іс-әрекет бағыты) тиісті қолданылатын жұмыс түрі. 

Үшінші  мәні  –  бұл  әлеуметтік  қорғау,  көмек  жүйесінің  түрлі  деңейлеріндігі  жетекшінің  іс- 

әрекекті.  Жектекшілер  басқару  процесінде  жетекші  күш,  «Локаматив»  ретінде  көрінеді. 

Басқарудың  ұйымдастырушылық  сапасы  және  оның  нәтижелігі  көбінесе  жетекшінің 

профессионализіміне  байланысты.  Ескерерлік  жайттың  бірі  әлеуметтік  қорғауды  басқару 

жүйесіндегі жетекшілер арасындағы әйелдер саны басым және көбінесе әйелдер ұжымы болып 

келеді.  Бұл  басқарудың  стилі  мен  әдістерінің,  өзара  қарым-қатынастың  психологиясының, 

эмоционалдық  фон  және  т.б.  таңбасын  көрсетуі.  Жетекшінің  әр  түрлі  функциясы  түрлі 

рөлдерді  атқарудан  өз  көрінісін  табады  –  ұйымдастырушы,  администратор,  психолог, 

әлеуметтік психолог, ақпараттық қызметкер, заңгер, экономист, саясаткер, кәсіпкер, педагог. 

Сонымен  қатар  әйел-жетекшінің  отбасындағы  рөлдерін  ескеру  қажет  –  ана,  жұбай  және 

басқалар. Басты мәселе жетекшінің қалыптасуы мен тұрақтануы, маманның жетекші ронгісіне 

көтерілуі  және  осыған  байланысты  қажетті  профессионалдық  сапаларды  игеруі  болып 

табылмақ. 

Әлеуметтік жұмысты басқарудың төртінші мәні – бұл элементтер қатарын өзіне қамтитын 




процесс.  Кез  –келген  басқару  түрінің  негізі  –  «адамдық  жүйелерде»  белгілі  бір  бейнеде 

ұйымдастырылатын  ақпарат  болып  табылады.  Ақпартаттық  негізінде  мақсаттардың, 

міндеттердің  анықталуы,  қалыптасуы  және  нығаюы  (ұйымдастырушылық  -  әкімшілік 

құжаттардағы) жүреді. 

Мақсатқа бағыттылық - әлеуметтік басқарудың маңызды элементі. Оның негізінде іс-әрекет, 

іс-шаралар  және  басқарушылық  шешімдер  жүйесі  қалыптасады.  Басқару  белгілі  деңгейде 

функцияларды  бөлу  және  ұйымдық  құрылымын  іріктеу,  мамандарды  орналастыруды 

қалыптастыру  арқылы  ұйымдастырылады.  Сонымен  қатар  басқару  процесінде  мақсаттарды, 

міндеттерді және шешімдерді – информациялық материалдық, еңбектік, қаржылық, уақытша 

ресурстармен байланыстыру маңызды. 

Ресурстық қамту – алға қойған мақсаттарды орындаудың маңызды шарты. Бұл процесс әр түрлі 

нәтижелерге  жетуді  қамтамасыз  ететін  басқардың  түрлі  формалары  мен  әдістері  және 

құралдары қолданылады. 

Сонымен,  басқару  барысында  кері  байланыс  та  қолданылады  –  есеп,  бақылау,  орындалуды 

тексеру.  Осылайша,  әлеуметтік  жұмысты  басқару  –  бұл  мақсаттарды,  міндеттерді  және 

адамдардың  практикалық  іс-әрекетін  ұйымдастыруды  орнатып,  оларға  жетуге,  олардың 

орындалуын қамтитын процесс. 

Бесінші мәні – бұл профессионалдық іс-әрекеттің, басқарушылық еңбектің бір түрі. Ол өзіне 

триаданы  қатмиды  –  еңбек  мәні  (ақпарат),  еңбек  құралы  (ұйымдастырушылық  және 

текникалық)  және  белгілі  білімдерді,  дағдыларды  және  іскерлікті  меңгерген  адам.  Осы  үш 

құрамдастықтың бірігуі белгілі бөлінеді. Әлеуметтік басқару жүйесіндегі еңбекті ұйымдастыру 

деп  аталады.  Басқарудың  «еңбектік  »  түсінігі  кадрларды  даярлау,  таңдау  және  олардың 

квалификациясын  жоғарылату  сияқты  мәселемен  байланысты:  квалификациялық  мінездеме 

құру;  жетекшілердің,  мамандардың  және  ұжымдық  әлеуметтік  жұмыскерлердің  еңбегін 

ұйымдастыру  және  ақпараттық  жүйелер  мен  мативациясы;  басқарушы  жұмысшылардың 

еңбегін бағалау және еңбек ақысы. 

Алтыншы  мәні  -  әлеуметтік  жұмысты  басқару  ғылым  және  оқу  дисциплнасы  ретінде.  Кез 

келген ғылым негізі – методология, яғни зерттеулерде қолданылатын әдістер жүйесі. Басқару 

ғылымында  жалпы  әдістемелік  инструментарий  (анализ,  синтез,  индукция,  дедукция, 

абстракттілік және нақтылық, жүйелілік келіс және басқару) және спецификалық әлеуметтік 

басқару  процестері  мен  жүйелік  зерттеулер  қажеттілігіне  негізделген  функциялар  мен 

ұйымдастырушылық  құрылымдар,  жетекшілер  мен  олар  басқаратын  ұжымдар  іс-әрекеті 

қолданылады. Басқару ғылымының басқа бір құрамдас бөлігі – жеке адам деңгейінде (жетекші, 

маман)  болатын  жалпыланған  білім  жүйесі  мен  терриясы  және  инперикалық  теория  деп 

аталынады.  Ғылым  ретінде  басқарудың  маңызды  бөлігі  әдістемелер  болып  табылмақ.  Олар 

өзіне  ғылыми  білімдерді,  ғылыми  ақпараттарды  (зерттеушілік  әдістемелер)  алудың 

құралдарын өзіне қамтитын: нақты практикалық мәселелерді шешеуге көмектесетін (іскерлік 

әдістемелер),  кеңес  берушілік  іс-әрекетте  қолданылатын  (диагностикалық  әдістемелер), 

құралдарды  қамтиды.  Сонымен  қатар  белгілі  бір  мәселелерді  шешуде  кешенді  әдістемелер 

қолданылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет