«Структура» батырмасын басқан кезду ANSI31. Сонымен қатар
көлбеу бұрышын және эталонды көрініске қарағанда штрихтау
масштабын орнатуға болады. Масштаб үлкейген кезде штрихтау
сызықтарының арасындағы қашықтық үлкейеді, төмендеген кезде –
төмендейді.
Командасы: «Штриховка», диалог терезесінде ANSI31 штрихтау
түрін таңдап, «Выбрать точки» бастырмасын басамыз.
Select internal point: (ішкі нүктені таңдау:) штрихпен толтыру
жобаланатын аймақтың ішкі нүктесін көрсетеміз, Enter басамыз, пайда
болған терезеде «ОК» бастырмасын басамыз, AutoCAD терезені
жабады және сызбаның көрсетілген аймағына штрихті жасайды.
«Линейные размеры» командасын қолдана, тіктөртбұрыштың
өлшемдерін енгізу (47 сурет).
47 сурет
11 Сызбаны құрудың соңғы этапы оның үстінен жүргізу болып
саналады. Сызық қалыңдығын өзгерту үшін оны басу керек,
стандартты құралдар панелінің «Свойства» пиктограммасын
таңдаймыз немесе тышқанның оң жақ бастырмасы арқылы
«Свойства» командасын таңдап, пайда болған диалог терезесінде
«Толщина линий» пунктін таңдап, жебесі бар бастырманы басамыз,
сызықтардың келетін қалыңдық тізімі ашылады. Сызықтын
қалыңдығын AutoCAD жүйесінің жұмыс үстелінде орналасқан
«Строка свойств объектов» арқылы өзгертуге болады (1 сурет).
12 Сызбаны сақтау (12 бөлім).
№ 1 тәжірибелік жұмыстың сызбасының дайын түрі А
нұсқауында көрсетілген.
47