Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет51/101
Дата14.12.2021
өлшемі457,37 Kb.
#127017
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   101
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

оқығысы келеді, оқи алады 
– модальдылық категориясының аналитикалық формасы
оқып еді, 
оқып отыр
 – шақ категорияларының аналитикалық формасы. 
Етістіктің аналитикалық формалары – мағынасы мен қызметі 
жағынан ерекше құрылымды морфологиялық категория. Жоғары-
дағы пікірлерді сараласақ, олардың басым көпшілігінде етістіктің 
аналитикалық формасы ұғымының күрделі етістік ұғымының ая-
сында қарастырылғаны айқын көрінеді. Ғалымдардың мұндай 
ортақ тұжырым жасауының негізгі себебі: аталған ұғымдардың 
ұқсастықтары. Бірақ сол ұқсастықтармен қатар олардың өзіндік 
айырмашылықтары да бар. Етістіктің аналитикалық формаларының 
күрделі етістіктермен құрылымдық жəне синтаксистік жағынан 
ұқсастықтары: 1) етістіктің аналитикалық формасының да, күрделі 
етістіктердің де сыңарлары етістіктерден құралып, екеуінің 
де алдыңғы сыңары көбінесе етістіктің көсемше формасында 
қолданылады;  2) етістіктің аналитикалық формаларының да, күрделі 
етістіктердің де сөйлемде атқаратын қызметі бірдей (баяндауыш); 
3) еке уі де сөйлемнің басқа мүшелерімен тұтас күйінде, бір бүтін 
единица ретінде грамматикалық тұрғыдан байланысады. 
Ал бұл ұғымдардың бір-бірінен айырым белгілері: 1) күрделі 
етістіктер толық, тең мағыналы етістіктердің тіркесінен жасалса, 
етістіктің аналитикалық формасы тең емес сыңарлардың (негізгі 
етістік пен көмекші етістік) тіркесінен жасалады; 2) күрделі етістіктің 
біртұтас лексикалық мағынасына оның екі сыңары бірдей қатысты 
болса, етістіктің аналитикалық формасының лексикалық мағынасына 
оның құрамындағы алдыңғы сыңар ғана қатысты болады; 3) күрделі 
етістік біртұтас сөз ретінде бір бүтін лексикалық мағынаны білдірсе, 
етістіктің аналитикалық формасы басқа бір сөздерге қатысты бо-
лып, лексикалық мағынадан басқа грамматикалық мағыналар мен 
қатынастарды білдіру қызметінде жұмсалады; 4) күрделі етістік 
бұрыннан тіркесіп, даяр тұрған единица ретінде сөз тіркесі немесе 
сөйлем құрамына енеді; ал етістіктің аналитикалық формасы сөйлеу 
үдерісінде даяр аналитикалық форманттар арқылы жасалады; 5) күр-
делі етістіктер ауыспалы сыңар – байланыстырушы элемент – тірек 


94
сыңардан тұрса, етістіктің аналитикалық формасы негізгі етістік – 
байланыстырушы элемент – көмекші етістіктен тұрады. Мысалы: 
бара бер, барса екен, барған еді, айта бер, айтып отыр, жаза ал-
мау, жазып жатыр, келген екен 
– етістіктің аналитикалық формасы; 
ала кел, алып көр, іздеп кел, сатып ал, естіп біл, барып қайт, кіріп 
шық, қайтып бер 
– күрделі етістіктер.  
Етістіктің аналитикалық формасы етістікті сөз тіркестерінің 
ішінде көсемшелі сөз тіркесімен де сырттай ұқсас келеді. Мысалы, 
оқып ал, біліп ал, біле сал, тұра бер
 – етістіктің аналитикалық фор-
малары, 
асығып сөйлеу, ынтыға тыңдау, шыдамсыздана тыңдау, 
тақала отыру
 – көсемшелі сөз тіркестері. Олардың айырым 
белгілері: 1) етістіктің аналитикалық формасының құрамында тек 
негізгі етістік қана өзінің лексикалық мағынасын сақтаса, көсемшелі 
сөз тіркесінің əрбір сыңары өзінің мағыналық дербестігін сақтайды
2) аналитикалық форма құрамындағы сыңарлардың əрқайсысы 
өздігінен сөйлем мүшесі қызметін атқармайды, ал көсемшелі сөз 
тіркесінің əрбір сыңары өздігінен жеке сөйлем мүшесі қызметін 
атқарады; 3) етістіктің аналитикалық формасы құрамындағы 
сыңарлардың арасындағы байланыста синтаксистік сипат болмайды, 
ал көсемшелі сөз тіркестері сыңарларының арасында синтаксистік 
қатынас пен байланыс сақталады; 4) етістіктің аналитикалық форма-
сын құраушы сыңарлардың əрқайсысы сөйлемдегі басқа сөздермен 
жеке дара емес, тұтасқан күйінде байланысқа түссе, көсемшелі 
сөз тіркесінің əрбір сыңары сөйлемдегі басқа сөздермен жеке 
байланысқа түсе алады. 
Сонымен, етістіктің аналитикалық формалары күрделі етістік 
жəне етістікті сөз тіркестерімен құрылымы, синтаксистік си-
паты жағынан ұқсас бола тұра, осы қырлары, мағынасы жəне 
қызметі жағынан олардан ерекшеленеді. Соның негізінде етістіктің 
аналитикалық формалары өз алдына дербес морфологиялық катего-
рия ретінде танылады. 
Қазақ тілінде аналитикалық форманттарға бай сөз табы – етістік. 
Ғалым Н. Оралбай қазақ тіліндегі етістіктердің аналитикалық 
форманттарының қалыптасуының мынадай ерекшеліктерін атап 
көрсетеді: 1) күрделі етістіктердің тең мағыналы сыңарларының 
алғашқысы уақыт өте келе басым мағыналы компонентке айналып, 
екінші сыңары грамматикалық жалпы мағынаға көшеді. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет