Нормативті талдау
– бұл үдерістер мен құбылыстар қандай болу керек екені жөніндегі
бағалау пікірлер, ол мақсаттық нұсқамаларды дамытуға бағдар береді. Тұтастай алғанда,
микроэкономика үшін экономика теориясына сияқты бірдей тану әдістері қолданады:
формальды логика, диалектикалық логика, математикалық модельдеу. Осылармен бірге
микроэкономикада келесі әдістер кең қолданады: шекті талдау, функционалды талдау,
графикалық сызу әдісі, экономикалық-математикалық модельдеу.
Шекті талдау
– маржиналистік теориясының негізгі әдісі. Бұл шекті (маржиналды)
шамаларды және олардың динамикасын (өзгеріп, дамуын) зерделеу. «Шекті» деген терминді
экономика теориясына маржинализм мектебінің өкілдері еңгізді. Олардың түсінігі бойынша
«шекті» – «қосымша», «келесі» деген ұғымдарды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |