Қазiргi микроэкономика - шешiмдердi қабылдау туралы ғылым. Ол кәсiпкерлiк
шешiмдер мен жеке таңдауды түсiну үшiн негiздi қалайды. Аты айтып тұрғандай,
микроэкономика (micros- кіші) экономикалық өзара қарым-қатынастарды егжей-тегжейлi
қарастырады. Күнделiктi менеджерлер, тұтынушылар, жұмысшылар, инвесторлар қабылдайтын
сансыз шешiмдер- экономика қалай әрекет ететiнiн түсiну үшiн кiлт болып табылады.
Экономикалық ғылым алдымен экономикалық қажеттiлiктер мен оны қанағаттандыру
тәсiлдерiн зерттейдi. Қажеттiлiктердi қанағаттандыратын заттар игiлiктер деп аталады.
Олардың бiреулерi шексiз, ал басқалары шектеулi мөлшерде болады. Соңғылары экономикалық
игiлiктер деп аталып, олар зат және қызмет көрсетулерден тұрады. Экономикалық игiлiктердi
алу үшiн қосымша құралдар - ресурстар қажет.
Адамдардың қажеттiлiктерi мен тiлегi оларды қанағаттандыру үшiн қажет ресурстарға
қарағанда шексiз екенi айқын.