ДӘРІС КЕШЕНІ
№1 дәріс. Микроэкономика пәні және әдістері
Дәрістің мақсаты:
Экономика ұғымымен танысу, даму тарихымен, Микроэкономика
логикасымен және мәселелерімен танысу. Қажеттілік және игілік ұғымдарының негізін білу.
Кілт сөздер:
Микроэкономика,
макроэкономика,
саяси экономика,
мектептерінің ұғымы, т.б.
Дәрістің жоспары:
1. Микроэкономика пәні және микроэкономикалық талдау принциптері.
2. Ресурстар шектеулігі және балама таңдаулар мәселесі.
3.Микроэкономика методологиясы
1.Микроэкономика
тұтынушылар, фирмалар мен үкiмет сияқты шағын экономикалық
бiрлiктер жасайтын таңдауды зерттейдi.
Микроэкономикада бiз жеке сала, фирма, үй шаруашылығы терминдарын пайдаланып,
назарымызды өндiрiс не нақты тауар бағасы, бiр фирмада жұмыс iстейтiн жұмысшылар саны,
жеке үй шаруашылығы мен фирманың түсiмi немесе пайдасы, олардың шығындары сияқты
шамаларға аударамыз. Микроэкономикада бiз бейнелеп айтсақ орманды емес , ондағы
ағаштарды жете зерттеймiз. Микроэкономикалық талдау бiздiң экономикалық жүйенiң кейбiр
компоненттерiн өте жақын арақашықтықтан көру үшiн қажет.