6
Өміріміздегі қайталаулар
1
•
1, 2-суреттерде
не бейнеленген? Әңгімеле.
• Қалай ойлайсың, бұл екі суретке қандай ортақ тақырып
беруге болады?
• «Сызықтық және тармақталған алгоритмдер» дегеніміз не?
Есіңе түсір. Мысалдар келтір.
Күнделікті өміріміздің басым бөлігі қайталаулардан
тұрады. Жыл мезгілдерінің ауысуы, таңның атуы, күннің
батуы және т.б. табиғат құбылыстарының қайталануына
жатады. Мұндай қайталаулар тұрмысымызда да көп кез-
деседі. Күнде бір мезгілде мектепке бару, мектептен қайту,
тамақ ішу, ұйықтау – осының бәрі өміріміздегі үнемі қай-
таланып отыратын іс-әрекеттерге мысал бола алады.
Циклдік алгоритмдерді құрастыруды үйренесің.
1-сурет
2-сурет
Цикл
– белгілі бір құбылыс немесе іс-әрекеттердің тұрақты
қайталануы.
Достарыңызбен бөлісу: