88
өткендей, циклдік құрылымдар Scratch ортасында үйренге-
німізге ұқсас. Робот программасында қолданылатын цикл
блоктарының түрі өзгешелеу болғанымен, қызметі мен орын-
далуы бірдей.
Цикл блогы
– ішіне басқа командалық блоктарды
орналастыруға болатын арнайы блок.
Цикл блогы қызғылт сары түсті екінші тұрған команда-
лар блогында орналасқан (
2-сурет
, көк бағыттама).
Цикл
блогының режім-
дері циклдің қашан аяқта-
латынын көрсетеді (
3-су-
рет
). Енді соларға тоқта-
лайық.
4-суретте
цикл
блогы бар программа беріл-
ген.
Программада цикл
блогы болмаса, роботтың дөңгелегі алға екі рет, артқа екі
рет айналым жасап, тоқтайды. Осы программаның цикл
блогындағы режімдерді өзгертсек,
қандай нәтиже алаты-
нымызға тоқталайық.
Неограниченный
(Шектеусіз) цикл режімі про грам-
маны мәжбүрлеп тоқтатқанша орындалады (
4-сурет
,
қызыл бағыттама). Бұл цикл режімі негізінен роботтың
іс-әрекетті өздігінен орындауы үшін қолданы
лады.
Әсіресе
Шектеусіз
циклі
роботқа арналған жарыстарда
жиі кездеседі.
4-сурет
.
Циклдік программа үлгісі
1
2-сурет
. Цикл блогы
командаларының орналасуы
3-сурет.
Цикл режімдері
89
Подсчёт
(Санау) режімі роботтың
іс-әрекетін белгілі бір
санда қайталау үшін қолданылады. Мысалы, роботты алға,
артқа үш рет қозғалту керек болса, осы режімді қолданған
дұрыс (
3-сурет,
қызыл бағыттама).
Достарыңызбен бөлісу: