Самооценка тақырыбын жалғастырып, ер адамның төмен
самооценкасы және өзіне сенімсіздігі жайлы тақырыпты
қозғаймын. Ең біріншіден, ондай ер адам не істейді? Оның
мақсаты - сөйлесіп жүрген қыздың самооценкасын төмен
түсіру, қазір екеуі тең тұр ғой, әйел адамның самооценкасы
оныкінен төмен болуы керек.
Бұл не үшін жасалынады? Ер адам өзінің сенімділігін қыз
баланың алдында көтермелеу үшін. Ол сонымен не істейді? Ол
барынша сөйлесіп жүрген әйел басқа ешкімге керек емес
екенін көрсеткісі келеді. Ешкім оған қарамайтынын, оған
ешкім қызықпайтынын миына құя бастайды. Дәл осы арқылы
ол әйел адамның өзіне сенімсіздігін, самооценкасын төмен
түсіріп, өзінің сенімділігін арттырады. Оның сөздері өтірік.
Егер сіздің жігітіңіз дәл осылай төмен самооценкасы бар жігіт
болса, оның сөздеріне сенбеуіңіз керек. Не үшін? Егер оның
сөздері рас болса, ол сізбен жүрмес еді. Ол сізбен сөйлеспес
еді. Көбінесе төмен самооценкасы бар ер адамдар сол
тұстарын отбасы құрғаннан кейін көрсете бастайды. Әйел
адамды ешқайда шығармайды, ештеңемен айналысқызбайды,
құрбыларымен сөйлескізбейді, жұмыс істеткізбейді, үйде
отырғызып қояды. Барлық жерден шектеу қояды. Қызғанамын
деп өтірік айтуы мүмкін. Бірақ барлық жерден шектеу қойып,
әйел адамның дамуына, самооценкасына әсер ететін сөздер
айтатын болса, демек ер адам өзіне сенімсіз. Оның ең басты
мақсаты - әйел адамды деградацияға ұшырату. Себебі ол
қорқады. Егер әйел адамның таныстары көп болса,
самооценкасы жоғары болып кетсе, "маған қарамай қояды, ол
мені тыңдамай қояды, ол жаңа таныстарды көру арқылы менің
шынайы бейнемді көріп, мені ұнатпай қалуы мүмкін, менің
авторитетім түсіп кетеді", - деп ойлап, содан қорқады екен.
Дәл осы нәрсе тұрмысқа шықпай жатып, сізді әйел қылып
алмай жатып көрініп қалуы мүмкін. Себебі қазір маған көп
Некеге дейін...
164
Достарыңызбен бөлісу: