Симуляцияның екінші техникасы. Сіз онымен кездескеңіз
келсе: "Мен дәріңді аламын, жеміс-жидек алып сені емдеймін,
сорпа қайнатып беремін, қызуыңды түсіремін",- деген сияқты
көмегіңізді ұсынасыз. Ал манипулятор не дейді? -Жоқ, керек
емес, жаным, менің мұндай түрімді көргеніңді қаламаймын.
Мен өзім жалғыз болғым келеді. Әйтпесе сағанда жұғып
кетеді,- деп, қашқақтай бастайды.
Ер адам ешқашан жалғыз ауырмайды. Ер адам ауырса жанында
міндетті түрде әйел адамдар жүреді. Анасы, әпкесі, әйелі, қызы
бәрі жүреді. Бұл манипулятордың өтірік маскасы. Сіз үйіне
барып, есіктің алдында тұрып, тамақпен келіп есігін қақсаңыз,
ол үйде болса да есікті ашпайды. Кейін сіз кетіп қалған соң:
-Сен келдің ба, мен білмедім, қаттырақ ұйықтау үшін дәрі ішіп
едім, мүлдем ештеңе естіген жоқпын,- дей салады. Немесе
үйінен кетпей қойсаңыз жарты сағат күттіріп қойып, жарты
сағаттан кейін есікті ашады. -Ұйықтап жатырмын,- деп айта
салады.
Достарыңызбен бөлісу: